Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының
2010 жылғы 25
желтоқсанындағы
№ 01-30.47
бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының
2011-2015 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Астана, 2010 жыл
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан соң – ҚР БП) миссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біркелкі қолданылуын жоғарыдан қадағалау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының пайымдауы – заңның үстемдігін, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді жүйесі.
2-бөлім. Прокурорлық қадағалаудың ағымдағы ахуалын талдау және дамыту үрдістері
2.1. 1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру.
2.1.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Прокуратура қызметінің негізгі бағыты заңның үстемдігін нығайту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қатаң және бұлжытпай сақтау болып табылады. Осы мақсатта 2009 жылдың қорытындылары бойынша прокурорлар әлеуметтік-экономикалық салада 23 115 тексеру жүргізді, олардың барысында 263 367 заңдылықты бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау актілерін енгізу нәтижелері бойынша 553 ұйғарым орындалды, 10 296 наразылық қанағаттандырылды, 19 661 ұсыным қаралды, 450 967 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, заңмен белгіленген жауапкершілікке 52 538 адам тартылды, 38 387 заңсыз актілердің күші жойылды және өзгертілді, мемлекеттің кірісіне 53 млрд. теңгеден астам өндірілді. Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау саласында 2009 жылы қылмыстық істі тоқтату туралы 5 809 қаулының және қысқарту туралы 2 492 қаулының, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы 3080 қаулының күші жойылды. Айыптау қорытындысымен келіп түскен істердің жалпы санынан 1 426 іс қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылды, 567 іс қасқартылды, 48 294 іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді. Қылмыстық жазаларды орындау заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде прокурорлар 2 623 тексеру жүргізді, 5 105 заңдылық бұзушылықты анықтады, 1 370 адам прокурорлық ден қою шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету және қалпына келтіру тетігіндегі тиімді буын болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайлары заңдылықты қамтамасыз етудің жаңа қазіргі заманғы модельдерін әзірлеп, қалыптастыру мен іс жүзінде іске асыруды талап етеді. Сондықтан прокуратура органдарының қоғамдық өмірдің және қазақстандық заңнаманың серпінді өзгеріп отырған болмыстарына лайық одан әрі дамуы мен жаңаруы таяу келешекте басты міндет болып табылады.
2.1.2. Негізгі проблемаларды талдау.
Прокуратура органдары қабылдайтын шараларға қарамастан, заңдылықты бұзушылықтар орын алып отыр. Бұл ретте, әлеуметтік-экономикалық салада соңғы үш жыл ішінде оларды айқындаудың өсу үрдісі байқалады (прокурорлар 2007 жылы – 110 368, 2008 жылы – 127 967, 2009 жылы – 263 367 заң бұзушылықты айқындады). Сонымен бірге, қадағалау тексерулерінің саны іс жүзінде өзгерместен қалуда (2007 жылы – 21 517, 2008 жылы – 21 356, 2009 жылы – 23 115). Прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қызметінде түрлі заң бұзушылықтарды тұрақты түрде айқындап отырған қылмыстық іс жүргізудегі заңдылықты қадағалау саласында осыған ұқсас жағдай. 2009 жыл ішінде тергеу және анықтау органдарының қызметінде заңдарды бұзу мәселелері бойынша 8 219 ұсынымдар мен қаулылар (2008 жылы – 8 402) енгізілген, 4 949 (2008 жылы – 3 839) жасырылған қылмыс айқындалып есепке қойылған, қызметтік бөлмелерден заңсыз ұсталған 1 014 (2008 жылы – 850) азамат босатылған. Прокурорлық ден қою шаралары бойынша тәртіптік жауапкершілікке құқық қорғау органдарының 7 578 (2008 жылы – 7 149) қызметкері тартылған. Бір жағынан, бұл прокурорлардың белсенділігінің, прокуратура органдарының тексерулері мен талдамалық құрамдауыштары сапасының көрсеткіші. Сонымен бірге, аталған жағдай айқындалған заң бұзушылықтарының үнемі жойыла бермейтініне не қайталануына да байланысты болып отыр.
Прокурорлар қабылдайтын алдын алу әсерін күшейту мақсатында заңдылық бұзушылықты іс жүзінде жоюды қамтамасыз ету қажет. Ол тексеру барысында айқындалған әрбір бұзушылықты түзету және теріс әсерін жою мақсатында, олардың әрқайсысын бақылауды көздейді. Ол үшін прокурорлық қадағалаудың сапасы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде прокуратура органдары қызметінің нысандары мен әдістерін, сондай-ақ процессуалдық негіздерін жетілдіру қажет. Осы жұмыстың шеңберінде прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіруші функцияның тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Қазіргі ақпараттық-технологиялық ресурстар тиісті инфрақұрылым прокуратура органдарына жүктелген міндеттерді атқару үшін жеткілікті түрде бейімделмегенін көрсетеді. Негізгі қызмет бойынша пайдаланып жүрген электрондық деректер базалары функционалдық талаптарға негізіне алғанда сәйкес келмейді.
Қазақстан
Республикасының «электрондық үкіметін» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы аясында
2009-2011 жылдарға арналған «ҚР БП-ның бірыңғай ақпараттық талдау жүйесі» (бұдан
әрі – БАТЖ) жобасын енгізу жөнінде
жұмыс басталды. 2011-2015 жылдары прокуратура органдарының ақпараттық жүйесін
дамыту және барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне толық кіріктізу
жоспарланып отыр.
БАТЖ-н құру:
ҚР БП-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, төменгі тұрған прокуратуралар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың функцияларын, сонымен бірге азаматтардың хаттары, тексеру материалдары, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу бойынша ақпаратты алу, өңдеу, талдау, іздеу, беру уақытын қысқарту арқылы тиімді, жедел және үйлестіріп жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
ҚР БП-ның басқа мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл жеделдігін арттыруға;
прокуратура органдары қызметінің мониторингін жүргізуге;
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіне кірігуге мүмкіндік береді.
Сонымен, БАТЖ-ны ендіру ҚР БП-ның құрылымдық бөлімшелерінің және төменгі тұрған прокуратуралардың ведомствоішілік құжат айналымын, арнаулы үдерістерін автоматтандырудың ақпараттық-талдамалық мазмұнын, сондай-ақ телекоммуникациялардың, IP-телефониясының, бейнеконференциялардың, теледидар арналарының, электрондық сауда жүйелері мен басқалардың қазіргі заманғы жүйелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
2.1.3. Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту әлеуметтік өмірдің көптеген құбылыстары мен үдерістеріне байланысты болғандықтан, кешенді сипатта болады. Осы міндетті шешуге әсер ететін әралуан факторлардың арасында мемлекеттің экономикалық дамуының мәселелері, әлеуметтік-саяси ахуал,халықтың құқықтық санасының деңгейі шешуші маңызға ие. Осыған орай, өкілетті және атқарушы билік органдарымен, құқық қорғау, бақылау және басқа да органдармен, сондай-ақ қоғамдық құрылымдармен заңдылықты нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, қадағалау іс-шараларын маңызды әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттермен ұштастыру, құқықтық тәрбиені және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал жасау қажет.
Ішкі факторларға мыналарды жатқызу керек: қадағалау қызметіне уақтылы және жедел түзету енгізу, оны заңдылықты ныңайтудың басты, іргелі міндеттерін шешуге бағыттау; ғылым мен практиканың ең жаңа жетістіктерін, құқық бұзушылықтарды айқындаудың және жоюдың озат әдістері мен тәсілдерін ендіру; прокурорлық тексерулердің және прокурорлық қадағалау актілерінің сапасын арттыру, прокурорлар тарапынан олардың орындалуын бақылауды күшейту; прокурорлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру.
2.2. 2-стратегиялық бағыт.Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту
2.2.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Мемлекеттік құқықтық статистиканы құру және арнайы есепке алуларды жүргізу прокуратура қызметіндегі маңызды бағыт болып табылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру тәртібінде 2008 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алуды енгізді, 23 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер және мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғалар оның субъектілері болып табылады. Оны есепке алудың енгізілуімен мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды есепке алудың және оның нәтижелеріне мониторингтің бірыңғай жүйесі құрылды. ҚСжАЕК ашықтықты қамтамасыз ету және бақылауды жетілдіру міндетін шеше отырып, қылмыстар туралы арыздарды, хабарламаларды электрондық тіркеудің автоматтандырылған жүйесін (электрондық АЕК) ендіру жөнінде шараларды жүзеге асырып отыр. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау және жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуына мониторингті ҚСжАЕК тұрақты негізде жүзеге асырады. Тексеруді тағайындау туралы актілерді міндетті түрде тіркеу институты жеке меншіктің конституциялық құқықтары мен кәсіпкерлік қызметінің бостандығын тікелей қорғауды қамтамасыз етеді.
2.2.2. Негізгі проблемаларды талдау.
Қазіргі уақытта ҚСжАЕК41 статистикалық есепті қалыптастырады, оның ішінде 29 статистикалық есепке қашықтықтан қол жеткізу жүзеге асырылады. Қалыптастырылатын есептер нысандарының 29-ы автоматтандырылған. «Арнайы есепке алулар» ААЖ-ге белгіленбеген нысанда сотталған 1 100 000 адамға қатысты мәліметтерді бір уақытта енгізу арқылы тегі бойынша есепке алуды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Бүгінгі күні «Арнайы есепке алулар» ААЖ-ге 545 000 адамға қатысты мәліметтер енгізілген. Осыған орай, прокуратура органдары үшін одан әрі бағдарламалық-технологиялық және техникалық жаңғырту, біріздендіру өзекті міндет болып табылады. Ол құқықтық статистика мен арнайы есепке алуларды одан әрі автоматтандыруды және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыруды, құқықтық құбылыстар мониторингі жүйесін және құқықтық ақпаратты тарату тетігін жетілдіруді көздейді. Осы шаралар статистикалық деректерді теріс пайдалану және оларды жасанды түрде көтеру үшін мүмкіндіктерді азайтуға бағытталған. Сондай-ақ бұл тұтынушылардың құқықтық статистика мен арнайы есепке алу органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануын арттырады.
2.2.3. Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау.
Сыртқы факторлар құқықтық статистика мен арнайы есепке алу субъектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне (кірігу үшін материалдық-техникалық және өзге де мүмкіндіктер) байланысты болады.
Ішкі факторлар статистикалық есептілік нысандарының тұрақты негізде жетілдірілуімен (өзгеруімен) сипатталады.
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар
және нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру
1.1-мақсат. Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары: 001, 004, 007, 008, 009, 010, 011
|
Нысаналы индикатор |
Ақпарат көзі |
Өлшем бiрлiгi |
Есептi кезең |
Ағымдағы жыл жоспары |
Жоспарлы кезеңде |
||||
|
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
Халықтың прокуратура органдарына сенімінің деңгейі |
сауалнама өткізу |
% |
|
56 |
57 |
58 |
59 |
60 |
61 |
|
1.1.1-міндет.Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру |
|||||||||
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері: |
|||||||||
|
Сот қанағаттандырған мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша арыздардың үлес салмағының қаралған істердің санына қатынасы |
стат. деректер |
% |
53,6 |
53,1 |
52,6 |
52,1 |
51,6 |
51,1 |
50,6 |
|
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заңдылықты бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі |
стат. деректер |
% |
68,7 |
70,7 |
72,7 |
74,7 |
76,7 |
78,7 |
80,7 |
|
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне жасалған қабылданбаған прокурорлық қадағалау актілерінің үлес салмағы |
есептеу әдістемесі |
% |
4,5 |
4 |
3,5 |
3 |
2,5 |
2 |
1,5 |
|
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекет табысына нақты өтелген сомалардың мемлекет табысына сот орындаушылары нақты өтеген жалпы сомаға қатысты үлес салмағы |
стат. деректер |
% |
9,7 |
9,8 |
9,9 |
10 |
10,1 |
10,2 |
10,3 |
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі |
||||||||
|
Азаматтардың күнделікті өмірінде мейлінше талап етілетін құқық салаларындағы заңнаманың және құқық қолданудың өзекті мәселелері бойынша талдаулар |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдануы туралы өтініштерін соттардың қанағаттандыруының себептеріне талдау жүргізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Ең көп шағым келтірілетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты тексеруді ұйымдастыру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Мемлекет табысына өндіріп алу туралы сот актілерін орындау кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Құқықтық тәрбие және халықтыңқұқықтық мәдениетін арттыру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
1.1.2-міндет.Қылмыстық іс жүргізуде және қылмыстық жазаларды орындау сатысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру |
|||||||||
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері: |
|||||||||
|
Прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне (тергеудің, айқындаудың және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы |
стат. деректер |
% |
25 |
24,5 |
24 |
23,5 |
23 |
22,5 |
22 |
|
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекетеріне прокурорлардың қабылданбаған наразылықтарының үлес салмағы |
стат. деректер |
% |
15,5 |
15 |
14,5 |
14 |
13,5 |
13 |
12,5 |
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі |
||||||||
|
Қылмыстық іс жүргізудің, жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық жазалауды орындаудың заңдылығына прокурорлық қадағалау практикасын талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту мәселелері бойынша құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің отырыстары мен ведомствоаралық кеңестер |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Қылмыстық іс жүргізу барысында мамандандырылған мекемелерге орналастырылған және қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
1.1.3-міндет. Бас прокуратураның ақпараттық жүйесін жаңғырту, ақпараттық-техникалық ықпалды дамыту және талдамалық деректерді қалыптастыру арқылы қадағалау қызметінің жеделділігін арттыру |
|||||||||
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері: |
|||||||||
|
Прокуратуралардың электрондық форматта статистикалық деректер негізінде талдамалық ақпаратты қалыптастыру жүйесімен жабдықталу дәрежесі |
есептеу әдістемесі |
% |
5 |
30 |
40 |
58 |
75 |
94 |
100 |
|
Бас прокуратура бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен төменгі тұрған прокуратуралардың ақпараттық өзара іс-қимылының деңгейі |
есептеу әдістемесі |
% |
35 |
60 |
70 |
85 |
90 |
95 |
100 |
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі |
||||||||
|
Ведомствоішілік құжат айналымы үдерістерін, сондай-ақ ҚР БП-ның құрылымдық бөлімшелерінің және төмен тұрған прокуратуралардың қызметін автоматтандыру бөлігінде ақпараттық-талдамалық мазмұнын қамтамасыз ететін жүйені іске асыру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Прокуратура органдарының ведомствоаралық электрондық іс қағаздарын жүргізуді жедел жүргізу үшін БАТЖ-ды «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» (ЭҚАБЖ) біріктіру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Прокуратура органдары үшін қажетті ақпаратты жедел алмасу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен БАТЖ-ды біріктіру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
2-стратегиялық бағыт.Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту
2.1-мақсат. Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары:002, 003, 006
|
Нысаналы индикатор |
Ақпарат көзі |
Өлшем бiрлiгi |
Есептi кезең |
Ағымдағы жыл жоспары |
Жоспарлы кезеңде |
||||
|
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
Электрондық нұсқада берілетін құқықтық статистикалық ақпараттың үлес салмағы |
есептеу әдістемесі |
% |
|
20 |
25 |
30 |
35 |
40 |
45 |
|
2.1.1-міндет.Құқықтық статистикалық ақпаратты құру және алмасу үдерісін автоматтандыру |
|||||||||
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері: |
|||||||||
|
Статистикалық есепке алуды жүргізуді қалыптастыру үдерісін автоматтандыру дәрежесі |
есептеу әдістемесі |
% |
75 |
75 |
80 |
80 |
85 |
90 |
90 |
|
Статистикалық есепке алуды жүргізу процестерін автоматтандыру дәрежесі |
есептеу әдістемесі |
% |
50 |
60 |
70 |
80 |
90 |
100 |
|
|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар субъектілерінің ақпараттық жүйелермен кірігуінің деңгейі |
есептеу әдістемесі |
% |
20 |
25 |
30 |
35 |
40 |
45 |
50 |
|
Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар |
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі |
||||||||
|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпараттық сервистің мемлекеттік электрондық жүйесін дамытуды жүзеге асыру |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
«Арнайы есепке алулар» ААЖ-да белгісіз нысандағы алфавиттік есепке алу карточкаларының мәліметтерін біржола енгізу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар субъектілерінің ақпараттық жүелермен кірігуін нормативтік-әдіснамалық және техникалық қамтамасыз ету |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
||||
3.2. ҚР БП-ның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының
мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
|
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары |
Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы |
|
1 |
2 |
|
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру |
|
|
1.1-мақсат. Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету |
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы |
|
2-стратегиялық бағыт.Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту |
|
|
2.1-мақсат. Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру |
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы |



.gif)














