Мұрағат »
Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдарының ардагерлері

БАҚ– Бас прокуратура туралы

БАҚ-тағы үздік материалдарға БАЙҚАУ

Ведомстволық басылым. «Заң және заман»-
«Закон и время»
Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

2010 жылдың 5 қазанында Бас Прокурор Қайрат Мәми азаматтарды қабылдады. Келушілердің шағымдары негізінен зейнеткерлік заңнамаларға, тұрғын үйге меншік құқығына, жалақыны, берешек сомаларын өндіріп алуға және т.б. байланасты мәселелер бойынша сот актілеріне қатысты болды.

Әрбір шағымданушының мәселелері бойынша Бас Прокурор прокуратураның жауапты қызметкерлеріне арызданушылардың дәйектерін мұқият зерделеуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Үш шағым бойынша Бас Прокурор заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы наразылыққа қол қойды, олар Жоғарғы Соттың қарауына жолданатын болады.

Атап айтқанда, прокуратура органдары іс жүзінде Астана қаласының барлық тұрғындарының мүдделерін қозғайтын «Қалалық электр желілері» АҚ мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС арасындағы дау бойынша сот актілерінің күшін жою туралы мәселе қойды. Сот шешімдері іс жүзінде «Қалалық электр желілері» АҚ-ның басқа адамдар тұтынған электр энергиясының құнын тұтынушылардың есебіне қосу туралы әрекетін заңдастырып берген. Бұл көппәтерлі тұрғын үй қоры бойынша олардың берген және бөлген электр энергиясының нақты көлемінің баланстық тиесілі шекте емес, трансформаторлық подстанцияларда орналастырылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша айқындалуы нәтижесінде туындаған. Соның нәтижесінде «Қалалық электр желілері» АҚ және «Астанаэнергосбыт» ЖШС ұсынған деректер бойынша электр энергиясы көлемі арасында іс жүзінде болмауы керек айырмашылық пайда болған. Ал бұл көппәтерлі үй тұрғындарының іс жүзінде өздері тұтынбаған электр энергиясының артық көлемі үшін өз қалталарынан төлейтінін білдіреді.


***


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен Бас прокуратураның наразылығы қанағаттандырылды және 120 010 000 теңге мөлшеріндегі берешек және тұрақсыздық сомасын өндіріп алу туралы Е.Нұрпейісовтің «Баян-Агро» ЖШС-не талап арызы бойынша барлық сот шешімдерінің күші жойылды.
Бас Прокурордың жеке қабылдауында болған А.Қожаевтың және Б.Бошановтың шағымдары наразылық келтіруге негіз болды.
Аралық соттың 2008 жылғы 7 тамыздағы шешімімен «Баян-Агро» ЖШС-нен Е.Нұрпейісовтің пайдасына 120 010 000 теңге өндіріп алынған болатын. Ақша қаражаты жетіспеген жағдайда, «Баян-Агро» ЖШС берешекті өтеу үшін 2004-2007 жылдары өздеріне тиесілі пайларын ЖШС-не берген және оған қатысушы болып қалатын 853 ауыл тұрғындарыының жер үлесі берешекке айналдырылған болатын.
Сонымен қатар, Жер кодексіне сәйкес шартты жер үлесіне арналған құқыққа байланысты даулар сот тәртібімен қаралады. Активтері жер пайлары ғана болып табылатын Е.Нұрпейісов пен «Баян-Агро» ЖШС арасындағы дауды Заңның аталған талаптарын бұза отырып, республиканың сот жүйесіне кірмейтін аралық сот шешкен.
Осылайша, Бас прокуратура 853 азаматтың конституциялық құқығын қорғап қалды.

***

 2010 жылдың 11 қаңтарында Бас Прокурордың жеке қабылдауында Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының үкімімен сотталған А.М. Ходеновтың адвокаты Д.С.Асанова болды.
Қылмыстық істі зерттеу қорытындылары бойынша қорғаушының дәлелдері расталды. Бірінші инстанция соты А.М.Ходеновтың қызметтік уәклеттіктеріне қатысты мәселелерді анықтамаған және оның әрекеттеріне дұрыс құқықтық бағалау жасамаған. Осыған орай, Бас Прокурор қадағалау тәртібімен Жоғарғы Соттың қадағалау инстанциясына наразылық енгізді.

***

11 қаңтар 2010 жылы Ж.Ошақбаевтың ағайынды Ахатаевтарға қатысты қабылданған сот қаулыларымен келіспейтіндігі жөніндегі Бас Прокурордың жеке қабылдауынан түскен шағымы қаралды.
Алқабилердің қатысуымен қаралған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ағайынды Ахатаевтарға қатысты қабылдаған үкімі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 15 шілде 2009 жылғы қаулысымен өзгеріссіз күшінде қалдырылған.
ҚІЖК-нің 577-бабының талабына сәйкес, алқабилер қатысқан соттың неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттігіне байланысты айыптау үкімін, сондай-ақ сот қаулысын жазаның жеңілдігіне орай немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соқтыратын өзге де негіздер бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкімін не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысын қайта қарауға жол берілмейді.
Сондықтан, Ахатаевтарға қатысты қабылданған сот қаулыларына қадағалау тәртібімен наразылық келтіруге мүмкіндік жоқ.
Мүліктеріңізді қасақана өрт қою арқылы жою дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтата тұру туралы Бәйдібек аудандық ІІБ-нің 1 қазан 2009 жылғы қаулысы Бас прокуратурамен 2 ақпан 2010 жылы бұзылды, яғни бұл ретте Сіздердің шағымыңыз қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, Бәйдібек аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен Ахатаевтардың аңшы мылтығын дер кезінде тәркілеуге шара көрмей қылмыстың алдын алмағандығы туралы фактісі бойынша облыстық ІІД-нің 21 қаңтар 2009 жылы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысыда Бас прокуратурамен бұзылып, аталған қылмыстық іс пен материал бойынша алдын-ала тергеу және тексеру амалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізуді ұйымдастыру үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасына жолданды.
Бұдан басқа, ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігінің "а,в,з" тармақтарымен айыпталған Н.Ахатаевқа қатысты қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық сотымен басты сот талқылауында негізінен қаралуда, істің қаралу барысы одан әріде бақылауда тұрғандығы шағымданушы Ж.Ошақбаевқа хабарланды.

 ***

11 қаңтар 2009 жылы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің жеке қабылдауында болған полицияның бұрынғы қызметкері А.А. Маханбетжанов Астана қаласы Алматы ауданы №2 Сотының 2009 жылғы 13 наурыздағы үкімімен бұзақылық жасағаны үшін негізсіз сотталғандығы туралы шағыммен жүгінген. 

Бас прокуратураның қылмыстық істі зерттеу нәтижесінде сотталғанның А.Абдалиевқа және Г.Бакылбековаға азаптаумен күш қолданып бұзақылық жасағаны сот отырысында зерттелген дәлелдер жиынтығымен, нақтылап айтқанда: жәбірленушілердің көрсетуiмен, тергеу іс-әрекеттері хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай айғақтармен және істің басқа да материалдарымен толығымен расталған.

Жаза сотталғанға жасалған қылмыстың ауырлығын және оның тұлғасын ескере отырып  Қылмыстық кодекстің 52-бабының талаптарына сәйкес және 257-баптың 2-бөлігінің санкциясы шегінде тағайындалған. 

Іс бойынша Сот актілерінің өзгеруіне не жойылуына әкелетін қылмыстық іс-жүргізу заңнама нормаларының бұзылуы анықталмаған.

Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының А.А.Махамбетжановқа қатысты 2009 жылғы 13 наурыздағы үкімі заңды және негізделген болып табылады.

Өтінішті қарау қортындылары бойынша өтініш берушіге оның шағымы негізсіз екені туралы жауап берілді.

 ***

Елбасына тікелей желіде қызының негізсіз сотталғаны туралы анасы шағымданған И. Кархуға қатысты қылмыстық іс бойынша Бас Прокурор Астана қаласының сотымен қабылданған актілерге наразылық енгізді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы 2010 жылғы 9 ақпандағы наразылықты толығымен қанағаттандырды, қылмыстық іс жаңа сот қарауына  жіберілді. 

 ***

 Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәмидің жеке қабылдауында 11 қаңтар 2010 жылы Б.З. Кикбаева Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының 17 наурыз 2009 жылғы үкімімен пара беруге оқталғандығы жөніндегі фактісі боынша негізсіз сотталғандығы туралы шағымымен жүгінген.  

Бұрын осы тектес шағым қылмыстық іс құжаттарын оқу арқылы қаралып, арыз иесіне Бас Прокурордың орынбасарымен қабылданған сот қаулыларына наразылық келтіруге негіз жоқтығы жөнінде жауап берілген.

         Іс материалдарын оқу барысында Зайсан аймағы бойынша қаржы полициясының аға инспекторы Қ.Жарлығаковаға шағым иесімен пара беруге оқталғандығының кінәсі сот мәжілісінде жан-жақты зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, куәлардың жауаптарымен, айғақ заттарды алу және тану хаттамаларымен, сот-бейнефонографиялық сараптама қорытындысымен толық қуатталған.

Сотталғанның қылмыстық әрекеттері сотпен дұрыс дәрежеленген. Жаза мөлшері жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен барлық мән-жайларды ескеру арқылы, ҚК-тің 52 бабының талабына сай тағайындалған.

Сот үкімін жоюға немесе оны өзгертуге қылмыстық іс жүргізу заң бұзушылығы орын алмаған.

Зайсан аудандық сотының 17 наурыз 2009 жылғы үкімі мен Шығыс Қазақстан облыстык сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының қаулысы заңды. Қылмыстық іс бойынша қабылданған сот қаулыларына наразылық келтіруге негіз жоқ.

Б.Кикбаеваның шағымын қарау нәтижесімен Бас Прокурордың қолымен жауап берілді.

 ****

2010 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің жеке қабылдауында Б.С.Малшыбаева болды. Өтініш беруші өз шағымында 2 жыл сынау мерізімімен шартты түрде Қылмыстық кодекстің 63 бабын қолдана отырып  Қылмыстық кодекстің 104-бабы 2-бөлігі «д» тармақшасы бойынша бас бостандығынан айыру жазасына Семей қаласының №2 сотының үкімімен 2009 жылдың 11 тамызында сотталған Б.К.Таменовке қатысты қабылданған қаулылармен келіспейтінін білдірді. 

Сот Б.К.Таменовты бұзақылық ниетпен жасалған жәбірленуші М.А.Малшыбаевтың денсаулығына  ауырлығы орташа қасақана зиян келтіруге кінәлі деп таныды.

Қылмыстық істің материалдарын зерттеу соттың Қылмыстық кодекстің 257-бабы 3-бөлімін алып тастағанын анықтады, өйткені қылмыс құралы – кастеттің болғаны тергеу кезінде анықталған жоқ.

Бірақ та, сот өз үкімінде іске қатысты қылмыс құралы анықталмағанын көрсетіп айыптаудан Қылмыстық кодекстің 257-бабын толық алып тастау туралы негізсіз қорытынды жасаған.

Сотталған Б.К.Таменовтың М.А.Малшыбаевты оған қатысты іс материалдары жеке өндіріске бөлінген белгісіз тұлғамен бірге бильярд клубына кірердің алдында күндіз соққыға жығу дерегі соттың құқықтық бағалауынан тыс қалып отыр. Бұл Таменовтың бұзақылықты адамдар тобымен алдын-ала сөз байласып жасағаны туралы қорытындыға келуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы іс бойынша Жоғарғы Сотқа Б.К.Таменовке қатысты шығарылған сот қаулыларынының барлығын жою туралы наразылық енгізді.

****

2009 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәмидің жеке қабылдауында азаматша Ж. Түкенова болып, 2008 жылдың 19 маусымында денсаулыққа ауыр зақым келтіргені үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 103-бабының 1 б.) Тарбағатай аудандық сотының шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған ағасы А.Б. Сегізбаевқа қатысты шығарылған сот үкімімен келіспейтіні туралы шағым білдірді.
Қылмыстық іске қатысты материалдарды зерттеу барысында анықталғандай, А.Сегізбаев 1955 жылы туған, бұрын сотталмаған, жұмыс атқарған жері мен мекен-жайында жағымды сипатталады. А.Сегізбаев қылмыс жасағаннан кейін әйелі қайтыс болған, кәмелет жасқа толмаған екі баласы ата-ананың қамқорынсыз қалған.
Аталған мән-жайға орай, соттың Сегізбаевқа тағайындаған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы өте ауыр болып табылады.
Осыған байланысты, бұл іс бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қадағалау тәртібімен Жоғарғы Соттың қадағалау алқасына Шығыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасы шығарған үкімнің күшін жойып, А.Сегізбаевқа қатысты қылмыстық істер жөніндегі аталған соттың жазаның шартты түрін қолдануға қатысты алқа үкімдерін өзгеріссіз қалдыру туралы наразылық енгізді.

Сол сияқты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде 2009 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Қ.Ә. Мәмидің жеке қабылдауынан келіп түскен М.К. Қалиева мен В.Г. Дементьеваның Астана қаласы Әкімінің гаражды заңдастыру туралы шешімдерінің күшін жою туралы өтініштері қанағаттандырылды. Астана қалалық сотының қадағалау алқасы тиісті азаматтық іс жөніндегі Бас прокурордың тапсырмасы бойынша наразылық білдіріп, сот қарастыру нәтижесінде қанағаттандырылды, өткізілген сот актілері азаматтық істерді жаңа сот қарауына жіберу мақсатымен кейінге қалдырылды.


****


Азаматтарды кезекті қабылдау кезінде Бас Прокурорға Астана қаласының тұрғыны Б.Файзуллин өзі сатып алған саяжай учаскесін сатып алу-сату мәмілесін жарамсыз деп танып заңсыз шығарылған, ал өзінің оған меншік құқығынан айырған сот актісіне шағым айтып жүгінді.

Бас Прокурор іс материалдарын зерделеген соң шығарылған сот актілерінің күшін жою туралы Жоғарғы Сотқа наразылық енгізді.

2001 жылы Астана қаласы тұрғындарының арасында мәміле жасалғаны – Б.Файзуллин Р.Ысқақовтан «Ударник» бау-бақша серіктестігінде орналасқан саяжай жер телімін 66 мың теңгеге сатып алғаны анықталды. Келісімге сәйкес сатып алушы 60 мың теңгені қолма-қол төлеген, ал қалған алты мың теңгені құжаттарды ресімдеп болған соң төлеймін деп шешкен. Алайда, кейін сатушы түрлі себептермен шарттағы міндеттемелерін орындаудан бас тартып, қалған ақшаны алудан жалтарған.

Б.Файзуллин мәмілені жарамды деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінген, алайда, оның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған.

Дегенмен, іс материалдарынан көрініп отырғандай, сатып алу-сату мәмілесін тараптар нақты орындап қойған. Талапкер сатып алынған мүліктің құнын төлеп қойып, он жыл бойы отбасымен бірге осы саяжайда өмір сүрген, ал жауапкер жылжымайтын мүлкінен аластай отырып, оны күтіп ұстау ауыртпалығынан жалтарған. Алайда, жауапкердің жосықсыз әрекеттері нәтижесінде, сондай-ақ заңсыз сот шешімдері адамның тұрғын үйге деген конституциялық құқығын бұзған. Оған қоса, сот сатысы сол даулы баспанада тоғыз адамнан тұратын отбасы мүшелерінің тұрып жатқаны жайлы мән-жайға әділ баға бермеген.

Жоғарғы сот сатысы шығарылған сот шешімін заңсыз деп тану туралы наразылықтың дәйектеріне қолдау көрсетті. Жоғарғы Сот қадағалау алқасының қаулысымен Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырылды, заңсыз сот шешімінің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.


Артқа