Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жыл қарсаңында Алматы қала прокуроры Әмірхан Естаев прокуратура органдарының және Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Михалович Власовпен кездесіп, жылы лебізбен құттықтап, бағалы сыйлық- плазмалы телевизор табыс етті, Ардагер 86 жаста,соғыс жылдары алысқа ұшатын дивизияда ұшқыш болған. Соғыс қарсаңында Качинск қаласындағы ұшкыштар мектебін бітіріп, лейтенант атағын алған, ал соғысты Кенигсберг қаласында полковник дәрежесімен аяқтаған.Жаумен алғашкы ұрысын Ростов қаласының түбінде қарсы алды.Украинаны азат етуге, Сталинград шайқасына қатысты. Ауыр шайқастарда 3 рет жарақат алса да өзінің сүікті ТУ-15 самолетының штурвалына қайта отырудан еш тайынған емес. Соғыста көрсеткен ерен ерліктері үшін 2 рет Қызыл ту орденімен 2 рет Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Соғыстан кейін ҚР Бас прокуратурасының финансы басқармасында инженер болып жұмыс істеп, сол жерден пенсияға шықты. Әмірхан Сырғалбаевич ардагерді келе жатқан Ұлы жеңістің 65 жылдығымен шын жүрегімен құттықтап зор денсаулық, ырыс береке тіледі.




.gif)














