Кезінде құқық қорғау саласында басшылық қызмет атқарып, ел есінде қалған ардагер ағалардың өмір жолы-бүгінгі жас толқынға үлгі-өнеге. Өткен ғасырдың 1965-1978 жылдары Жәнібек ауданының прокуроры болған, адамгершілік және іскерлік қасиеттерімен танылған Шұғас Мұхамедьяров ағамыздың да есімі аудан тұрғындарының жадында.
Саналы өмірін құқық қорғау саласымен тығыз байланыстырған ағамыз осыдан 85 жыл бұрын Қаратөбе ауылында дүниеге келді. Ауылдағы 9 жылдық мектепті бітірген соң бірден еңбекке араласты. Алдымен бухгалтер, сосын екі жыл аудандық кеңесте әскери дайындыққа үйрететін мектептің (осоавиахим) басшысы болды. 1943 жылы он сегіз жасында майданға аттанды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Курск доғасында жаумен аянбай шайқасты. Отан үшін айқаста сан ұлттың өкілдерімен бірге болып, жарты күлшені бөліп жеді. Шұғас аға қызмет еткен ротаның жауынгерлері фашистерге қарсы тізе қоса соғысты, туған жердің қарыс сүйемін қорғауда елжандылық пен патриотизмнің жоғары үлгісін көрсетті. Курск иінінде болған қырғында ол көптеген қанды көйлек жолдастарынан айырылды. Өзі де жараланды, бірақ жауға өліспей беріспеді.
Бұдан соң да Ш.Мұхамедьяров өзінің қарулас жолдастарымен бірге көптеген қалаларды жаудан азат етуге қатысты. Жанқиярлық ерлігі үшін бірнеше рет наградаларға ие болды. 1948 жылы елге оралды. Елге келгеннен кейін аудандық ДОСААФ-тың төрағасы болып бір жыл қызмет атқарды. Бала кезінен-ақ, құқық қорғау саласында қызмет етуді мақсат тұтқан ол Алматыға аттанады. Осындағы екі жылдық заң мектебіне оқуға түсіп, оны бітірген соң Ақтөбе облысындағы Алға ауданының орталығында нотариус болып қызмет істейді. Бұл қызметті абыройлы атқарып, елдің құрметі мен сеніміне бөленген жас жігітті жұртшылық Қобда ауданының халық судьясы етіп сайлайды. Қазақ ССР прокурорының бұйрығымен екі жылдан соң ол Орал облыстық прокуратура органдарына қызметке жолданады. Шұғас аға 1961-1965 жылдар аралығында Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының прокуратурасында тергеуші, прокурордың көмекшісі қызметтерін тиянақты атқарып, әріптестерінің арасында құрмет пен беделге ие болады. Қызметтен қол үзбей жүріп Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін сырттай оқып бітіреді.
Құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтап, іске төселген, міндетіне адал жанды жоғары басшылық 1965 жылы Жәнібек ауданының прокуроры етіп тағайындайды. Лауазымдық қызметіне кіріскеннен бастап-ақ, ол өзіне де, қарамағындағыларға да қатаң талап қоя білді. Қызметте әділ әрі турашыл болды. Аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, қоян-қолтық жұмыс жасады. Жыл сайын аудан көлемінде болған қылмыстың 100 пайыз ашылуын қамтамасыз еіп отырды. Ауданда прокурорлық қадағалау жұмыстары айтарлықтай жақсарып, жасөспірімдер арасында бірнеше жыл бойы қылмыс болған жоқ. Жәнібек ауданының прокуроры болып 13 жыл қызмет атқарған Шұғас аға құқықтық білім беру ісін насихаттауға да көп көңіл бөлді. Тұрғындар арасында жиі болып, қылмыстың алдын-алу жөнінде әңгімелер жүргізіп, лекциялар оқыды. Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысты. Қазақстан Компартиясы Жәнібек аудандық комитетінің мүшесі және халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланды.
Ш.Мұхамедьяров бұдан кейін Орда, Тасқала аудандарының прокуроры болып қызмет атқарып, 1985 жылы зейнетке шықты. Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен, бейбіт өмірде құқық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарған Шұғас аға 2003 жылы қайтыс болды.
Ғарифолла ЖАПАШЕВ,
Жәнібек ауданының прокуроры

.gif)