Соғыс сұрапылының басылғанына 65-жыл толса да, оның салған жарасы жүректерінде қалған, сол жылдары әкелерін қан майданға аттандырып, өздері балалық балғын шақтарын «әкеміз қашан келер екен деп» қара жолдың бойына қарайлаумен өткізген аға буын өкілдерінің бірқатары бүгінгі жеңіс мерекесін бүкіл халқымызбен бірге тойлап отыр. Олардың есею кезеңдері ел басына түскен ауыртпалықпен тұспа тұс келіп, буындары бекіп, омыртқалары қатпаса да бар қиындықты үлкендермен бірге бөлісіп, майдан шебіне азық-түлік жөнелтуде, киім-кешек дайындауда қолдан келген көмектерін аямайды. Олардың соғыстан кейінгі жылдары жоғары білім алып, өздері қалаған заңгерлік мамандықтың қыры мен сырын меңгеруге бар саналы ғұмырларын арнағандығын бүгінгі күні мақтаныш тұтуымызға болады.
Ақтөбе облыстық прокуратурасының осындай бір топ ардагер- ақсақалдарының өнегелі өмірлерін, кейінгі ұрпақ тәлім-тәрбие аларлықтай шежірелі сырларын бүгінгідей ұлы да қасиетті күні айтып, оларға қажетті ілтипат жасауды да орынды деп білеміз. Бұрыннан келе жатқан бір ұлағатты сөз: «Ел ішінде қарияң болса, жазулы тұрған хатпен тең, ...» дегендей. олардың ақылшы боп арамызда жүруі де зор қуаныш. Ал, қазіргі кезде қатары сиреп қалған қарттарымыздың әрқайсысының артта қалған өмір жолдарының бел-белесі зерттеуге тұратын, зерделеп жүретін қымбат қазына сипатты, оған үңілген сайын жаңа қырларымен танылып отырады.
Осындай қадірменді ардагерлеріміздің бірі – Рахметолла Құрманғалиұлының әкесі 1942-1944 жылдары тылдағы еңбекке шақырылып, Башқұртстанның Уфа қаласы маңындағы шахтада жұмыс жасап жүргенде ауыр жарақат алып, елге оралған соң, майданнан кейінгі қалыптастыру жұмыстарына үлес қосып, зейнеткерлікке шыққан соң қайтыс болады.
Ағамыздың өзі мектепте оқи жүріп, өзінің әлі келетін жұмыстарына араласып, қой қоздату, шөп шабу жұмыстарына қолқабыс етіп, еңбектен бір қол үзбей өседі. 1955-1960 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алған соң, жолдамамен Ақтөбе облысына жіберіліп, Хромтау, Алға аудандарының прокуратурасында тергеуші-машықтанушы қызметін атқарады. 1961 жылдың шілде айынан 1964 жылдың наурыз айына дейін Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданы прокурорының көмекшісі, 1964 жылдың наурыз айынан 1970 жылдың желтоқсан айына дейін Батыс-Қазақстан өлкелік, ол таратылған соң, Ақтөбе облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінің прокуроры, 1970-1981 жылдары Ақтөбе ауданының прокуроры, 1981-1995 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу бөлімі прокурорының аға жәрдемшісі, сот шешімдерінің заңдылығын бақылау, тергеу бөлімінің бастығы, жасөспірімдер мен жастар туралы заңдардың орындалуын қадағалаушы болып, ал құрметті еңбек демалысына шығар алдында кадр бөлімінде қызмет жасайды.
Қазіргі кезде зейнеткер-ардагеріміз – облыстық прокуратураның ішкі-сыртқы өмірінен бірде-бір қол үзбей, өзінің ақыл кеңесін аямай жас заңгерлерді тәрбиелеуге белсенді араласып жүрген абзал тәлімгерлеріміздің бірі. Сонымен қатар ол өзімен бірге қызмет жасап, үзеңгілес болған, бірақ, қазір арамызда жоқ ардагерлер: З.Абдурахманов, Г.Лұқпанов, Х.Әкімжанов және 1941-1945 жылдардың соғыс ардагерлері Б.Хабиев, М.Жанпейісов, У.Құсайынов, М.Еспанов, Н.Сабырғалиев, В.Луценко, В.Черкашин сияқты заң саласының үздік саңлақтарын прокуратура тарихында қалдыру жолында үлкен істер тындырып жүр. Осындай күш-жігері бойында, қажымайтын, талмайтын белсенді зейнеткерлердің қатарында Жеңістің 65 жылдық мерекесін тойлап отырған Қ.Жарылқасынов, Ш.Алдияров, Р. Гайсин сияқты көпті көрген жандарымыз бар.
Рахметолла Құрманғалиұлы Республикамыздың егемендігінің 10 жылдығына, Ақтөбе облыстық прокуратурасының 80 жылдық мерей тойына арнап прокуратураның тарихи шежіресі мен онда әр жылдары еңбек еткен прокурорлардың есімін есте қалдыру мақсатында «Заман және заңдылық» деп аталған кітап шығарды. Бұл кітап Ақтөбе прокуратурасының мұражайынан орын алды. Сонымен қатар прокуратура ардагерлерінің естеліктерін де жинақтап, оны да өз алдына жинақ етіп шығарды.
Бар өмір жолы ізденіске, келер ұрпаққа келелі тәрбие берудегі ұмтылысқа толы ардагерлеріміздің бірі, 70-80 жылдары прокуратураға келген Алдияров Шындәулет Аймақұлының өмірбаяндық деректерінде кімді болса да елең еткізетін мынадай дерексөз бар екен. Шындаулет ағамыз өз өмірбаянын айтқанда көбінесе осы бір сәттен бастайтыны да содан болса керек: «Менің есімнен кетпейтін бір нәрсе, атамыз би кісі екен, әкем соғысқа жүріп бара жатқанда қабырғасы қайысып тұрса да: «Азамат жауға жылап аттанбас болар, тағдыр жазса көрерміз, ажал келсе өлерміз. Жолың болсын, аман қауышайық»,- деп, бұрылып жүре беріпті. Қазақ халқының жаугершілік заманын бастан көп кешірген бабамыздың осы сөзі ұрпағымызды батырлыққа баулитын ұранға айналғандай, белі бүгілгендерге дем, рухы түскендерге ем болып көпке дейін ел аузынан түспей қойған көрінеді». Ұлы Отан соғысына қатысып, туған жер үшін, ел үшін құрбан болғандардың арасында Шындәулет Алдияровтың әкесі де қайтпас сапарға аттанды.
Аталған белгілі де биік тұлғалардың ізін басып, артындағы шырағын сөндірмеген Шындәулет ағамыз, әкесі соғысқа аттанғанда, бірінші сыныпта оқиды екен. Одан кейінгі оның бүкіл балалық шағы ересектерге қолғабысын тигізумен, жұмысқа жарамдылар майданға аттанған шаруашылықтарда, егіншілер мен малшыларға жәрдемдесумен өтеді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін алғашқы түлектерінің қатарында бітіріп шыққан ол, жолдамамен Қазақстанның ең шалғай өңірі Маңғыстау, Теңіз аудандарында халық тергеушісі, Ақтөбе облыстық, Батыс Қазақстан аймақтық прокуратураларының аға тергеушісі, облыстың Қобда, Қарғалы аудандарының прокуроры және ұзақ жылдар облыс прокурорының орынбасары болып, қадағалау органында 40 жылдан астам еңбек етеді.
Шындәулет Аймақұлы – Қазақстан Республикасының «Прокуратура құрметті қызметкері» атағын иеленген, сонымен қатар бұрынғы Одақтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көптеген марапаттаулары мен мадақтауларына әр жылдары лайықты болып отырған беделді заңгерлердің бірі. Заң саласында кәсіптік білгірлігімен ерте ауызға ілінген ол – заңды орынды да, әділ қолдана білуімен, оның мықты қорғанышына айналған прокурор. Оның есімі өзінің әріптестерінің арасында әркез құрметпен аталатын болса, әдісі мен тергеушілік талантын кейінгі ұрпақ үлгі-өнеге тұтатын, құрметті демалысқа шыққан соң, білікті адвокат ретінде де танылды. Шәкең заңды жете білуімен қатар, адам жанын терең зерттей білетін сезімталдығымен дараланып, ұзақ жылдар бойы әділдіктің ақ жолынан таймай, өзі баулыған көптеген шәкірттерінің өмірден өз орынын табуына, онымен қоймай заңгерлік мамандықтың мәртебесін көтеруге үлес қосып отырды.
Бұл орайда, Шындаулет Аймақұлының көп шәкірттерінің бірі- Шәйкенова Айсұлу Аманғалиқызының өз ұстазы туралы айтқан жүрек жарды сөздерін еске салсақ жеткілікті: «Ұзақ жылдар қиын да қызық тергеушілік жолдардан өткен ұстазымыз, өзі бастан кешірген тегеурінді кедергілер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, бойындағы өнегеліліктен, адамгершіліктен ауытқымай, бәрімізге биік болып қалған тұлға» деуінің өзі, оның еңбегіне берілген лайықты баға.
Прокуратура саласында өзіндік қол таңбасын, өзіндік ізденісін қалдырған, Ұлы Отан соғысының ардагері Үмбет Құсайынов бір естелігінде: «Прокуратураның аса бір күрделі саласы, тергеу жұмысы, өз ісін жетік білетін, жауапкершілігі мол азаматтың қолында деп есептейтінмін. Тергеу жұмысына жаңа келген жас мамандарды тәрбиелеп, өсіруде де Шындәулеттің еңбегі кеңінен байқалады, одан үлгі алған тергеушілердің біразы кейін прокурорлық лауазымға дейін өсті» деген жазба қалдырған.
Білікті заңгер зейнеткерлікке шықса да, заңдылықтың жаршысы, адам тағдырының арашасы ретіндегі еңбегін жалғастырып, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымнан аумады. Сонымен қатар ардагеріміздің аталық қасиеттерінің бірі – көсем сөз шебері. Оның жанына жақын көрген дос-жарандарына, қалжың көтеретін көңіл жақындарына табанда шығарып салған шумақтары ауыздан-ауызға тарап, сөз түсінетін зиялылардың талғамынан шығып жүргені де, оның сегіз қырлы бір сырлы жан екендігінің белгісіндей.
Осындай асқар таудай ардагер ағаларымыздың бірі және бірегейі Қалу Дәрібайұлы Жарылқасыновтың да өмір соқпақтары аталған әріптестерімен өте ұқсас. Қалу Дәрібайұлы да Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған соң, Ақтөбе қалалық прокуратурасына келіп халық тергеушілігі қызметінен еңбек жолын бастап, сатылап өсуімен бірқатар аудандарда прокурор, облыстық әділет, арбитраж мекемелерінің бірінші басшысы, Батыс Қазақстан көлік прокурорының орынбасары, тағы басқа көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарады.
Бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ардагер Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен берілген «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген заңгер» деген құрметті атақ пен қатар «Кеңестер Одағының құрметті теміржолшысы» деген дәрежені де иеленді.
Ел басына түскен ауыртпалықты бала кезінен сезініп, шыңдалып өскен, кейіннен, есейген шақта еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына өзінің зор үлесін қосып, бүгінде елі үшін төккен терінің жемісін көріп, үлкен құрметке ие болып жүргендер қатарында қадірменді ардагеріміз Гайсин Р.Ж. де бар.
Рашид Жангирович де Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген соң, 30 жылдан астам прокуратура органдарында қызмет атқарған, көбінесе тергеушілік, оның ішінде прокурор-криминалист, Ақтөбе облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы қызметтерінде болған. Бұрынғы Одақтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көптеген марапаттаулары мен мадақтауларын, Қазақстан Республикасының «Прокуратура құрметті қызметкері» атағын иеленген.
Бұл күнде, сонау сұрапыл соғысқа әкелерін аттандырып, өздері тыл майданына үлес қосып, сол қысылтаяң шақтарға қарамастан білім алып, қазақ елінің құқықтық сауатын, құқықтық мәдениетін көтеруде қыруар еңбек сіңірген аға буын өкілдері, ардагер ағаларымыз бір-бір отбасының отағасы атанып, балалы-шағалы, немер-шөберелі болып, бейбіт өмірдің шуағын сезінуде.
Ұлы Жеңістің 65-жылдығы мерекесімен осы ардагерлерімізді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сонымен қатар олардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі, одан кейінгі қалыптасу тұстарындағы, ерлікпен барабар еңбектерінің алдында басымызды иеміз.
Асылов Берік Ноғайұлы
Ақтөбе облысының прокуроры

.gif)