Ел шетіне жау тиіп, Ұлы отан Соғысы басталған жылдары Байзақ Есжанов он алты жастан асқан болатын. Өзінің табиғат берген мінезіне сай әділетсіздік дегенге жаны қас Б.Есжанов неміс басқыншыларының айуандық әрекетпен ол кезде отаным деп саналатын еліне баса көктеп енуі ашу-ызасын тудырды
Созақ ауданындағы В.И.Ленин атындағы қазақ орта мектебінде оқып жүрген кезде 1942 жылдың көкек айында өзі туып өскен ауданның комиссариятына келіп, өзінің 18-ге толғандығын, сол себепті майданға өз еркімен жіберуді сұранады. Азаматтың тілегі орындалып көп ұзамай Отанын қорғауға аттанады.
Ол 1943 жылдың сәуір айында 1-ші Беласус майданындағы 16-шы гвардиялық әскери дивизиясының 58-ші Қызыл-тулы гвардиялық полкіндегі 3-эскондронда алдыңғы шепте соғысқа қатысып, Беларусия,Украина,Польша мемлекеттерін неміс басқыншыларынан азат еткен жауынгердің қатарында жүреді. Оның майдан даласында алдыңғы шепте жүріп, ерекше қаһармандық ерліктері үшін, !!! дәрежелі «Данқ ордені, «Отан соғысы ордені», «Ерлігі үшін», «Украина мен Варшаваны азат еткен үшін», «Берлинді алған үшін» медалдарменен марапатталады. Соғыс біткеннен кейін бейбітшілік орнаған 1946-1949 жылдары Кеңес Одағы Ішкі әскер Армия бөлімшелерінде қызмет атқарып, 1949 жылдың көктемінде Ташкент Университетінің заң факультетін бітірген соң жамбыл облысындағы прокуратура органдарына қызметке қабылданып, Қордай, Шу аудандарында прокуратуларында аға тергеуші, прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарды. Байзақ аға қызмет арасында жүріп, Ленинград қаласындағы ҚСРО ішкі істер министірлігі және прокуратура органдарының тергеушілерінің білім көтеру институтының 4 курсын тамамдап алады. Содан 1987 жылдың желтоқсанына дейін Жамбыл облысы сарысу аудандық прокуратурасында тергеуші, прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарып, прокуратура органдарындағы көп жылды жемісті еңбек терімен зейнеткерлікке шығады. Прокуратура органдарында қызмет атқарып, жүрген кезінде, 1965,1967,1970 жылдары Алматы қаласында бас прокуратурада өткізілген алдыңғы қатарлы тергеушілердің республикалық конференцияларына жамбыл облысының атынан қатысып, бірнеше ақшалай, заттай сыйлықтардың иегері болған кісі.
1975 жылы 25 мамырда Кеңес прокуратурасының 50 жылдық мерекесіне байланысты Социалистік заңдылықты асырудағы қол жеткен табыстары үшін жамбыл облыстық кәсіподақтар кеңесінің мақтау грамотасымен және ҚСРО прокуратурасы мен кәсіподақтары орталық кеңесінің «Социалистік жарыста озып шыққаны үшін» медальмен марапатталды. 1950 жылдан 1987 жылға дейін СОҚП мүшесі қатарында болып, бастауыш партия ұйымының хатшысы болып,, қоғамдық негізінде қызмет атқарды.
Зейнеткерлікке шығып, өзінің туып өскен Созақ ауданына, Қаратау ауылына қоныс аударып, келгеннен бастап, 1989-2000 жылдың мамыр айына дейін Қаратау әкімдігі ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық болды ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі. Ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, жас ұрпақ тәрбиесіне сіңірген елеулі еңбегі үшін Созақ ауданы әкімшілігінің « Құрмет грамотасы, «Алғыс хаттары» және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Ұлы Отан соғысының Жеңісті мерекесіне байланысты осы уақытқа дейін Бас Прокурордың бұйрығымен «ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері, аға әділет кеңесшісі атақтарымен шендері берілген. 2008 жылдың шілде айында «Астананың 10 жылдық мерекелік медалін кеудесіне тақты. От басында 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген құрметті әке.
Ғұмырының барлығын отанымен оның асыл байлығы саналатын адамдардың құқын, заңдылық іс әрекеттерінің қорғалуына арнаған Байзақ аға 68 жыл бойы иығынан погон түспей келе жатқан майдангер. Соғыс майданынан қоғамдық құқық қорғау майданына ұласқан еңбек жолы жастарға үлгілі боларлық нағыз тәрбие жолы. Бұл күнде қазыналы қария әуелетінің ақылшысы, ардақ тұтар шежірелі қарты.
Әне, кеудесі орден медальға толы, гвардиялық полковник Байзақ ата генерал Панфилов атындағы мектепте өтетін «Майдангер жолы» атты оқушылардың мерекелік кешіне бет алды.
Оңтүстік Қазақстан облыс
прокурорының орынбасары
А.М. Байшолақов

.gif)