Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында сонау 30-шы жылдың соңы мен 40-шы жылдың басында Атырау облысы Бақсай (Махамбет) аудандық құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан, қаһарман жауынгер Омар Юсупов төңірегінде ой өрбітсек.
Омар Юсупов 1914 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданының №5 ауылында (Мақат ауданының 17 ауылы) туып, Тайсойған жиегіндегі Кермеқос мектеп-интернатынын бітіргеннен кейін Доссор кентіндегі өнеркәсіп училищесінде оқып, бұрғышы мамандығын алған.
Содан соң «Ембімұнай» кәсіпшілігі, Индерборат руднигі, Таңдай ауылындағы «Гурьев» кеңшарында әртүрлі қызмет атқарып, 1939 жылы Бақсай ауданының прокуроры Н.Мұқамбетов облыс прокурорына жас маман Юсупов Омарды аудандық прокуратураға тергеушілік қызметіне алуға ұсыныс берген.
Сол кездегі Қазақ КСР-ның прокуроры И.Барановтың 04.10.1939 жылы №411 санды бұйрығымен О.Юсупов Бақсай аудандық прокуратурасына халық тергеушісі қызметіне тағайындалған.
Облыстық прокуратура органдарында 1941 жылдың 9 желтоқсанына дейін жұмыс жасап , әр салада қызмет істеп ысылған жас жігіт прокуратура органдарында екі жылдай халық тергеушісі қызметінде өзін жақсы жағынан көрсете білгендіктен облыс прокурорының бұйрығымен Гурьев облыстық прокуратурасының аға тергеушісі лауазымына жоғарылады. Талапты да зерделі жігіт өзі сүйген ісіне беріле кірісіп, жан-тәнімен жұмысын атқара бастайды.
Соғыс өрті тұтанған сәтте 1941 жылдың желтоқсанында өз еркімен майданға сұранады. Әскерге алынған Омар Юсупов Ақтөбе қаласында әскери дайындықтан өтіп, кешікпей сержант шені беріліп, өзі де соғысқа алынғандарды үйрете бастайды.
1942 жылдың наурызында алғы шекте жауынгердің мұз төсеніп, қар жамылған, толарсақтан саз кешкен ұрыс жорықтары басталды. Калинин және Прибалтика майдандарының құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы жан алысып, жан беріскен ұрыстарда көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін Омар ағамыз «Қызыл Жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін» медалін омырауына тағады. Оған гвардия лейтенанты шені беріліп, артиллерия взводының командирлігіне тағайындалады.
Көптеген жанкешті шайқастарды бастан өткереді. Ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, бұдан соң қайта соғысқа тұрады. Оның құрамасы жауды өкшелей ығыстырып, Балтық жағалауына да жетеді.
1944 жылы айбынды Қызыл Армия Латвия жерін неміс басқыншыларынан азат етуді бастайды. Шегінген жау жанталаса қарсылық көрсетіп Рига қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан Пампали селосы маңындағы шайқаста заңгер Юсупов Омар оққа ұшты. Асыл азамат 1944 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде небәрі отыз-ақ жасында ерлікпен қаза тапты.
Батыр ағамыздың артында қалған ұлы- Орынбасар қазіргі уақытта Махамбет селосында тұрады. Ардаргерлерге құрмет, жас буынға үлгі боларлық бағытта мамыр айында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай прокуратура органдарының қызметкерлері бұрын Омар ағамыздың баласымен кездесу шарасы ұйымдастырылып тұрады.
Сүйегі шалғайда, сонау Балтық жағасындағы Латыш жерінде жатса да қиын-қыстау шақта жауға қарсы шайқасқа баруға өз еркімен сұранған, жеңісті күндерді жақындатуға өзіндік үлесін аянбай қосқан Атырау өңірінің азаматы Омар Юсуповтың аты өшпепті.
Латвияның Сандусний ауданының Пампали селосындағы жауынгерлік туысқандар зиратындағы ескерткіш құлпытасындағы жазу куә. Заңгер Омар Юсупов есімі «Юстиция Казахстана» кітабына енгізілген.
Батыр ағамыз жеңісті жақындатып, ол күнді көре алмады. Ерлік жолдары мен істері ешуақытта ұмытылмайды, санамызда жаңғыра бермек.
Атырау облысы
Махамбет ауданы прокуроры
Амангелді Дүйсенғалиев

.gif)