Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым.
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,
Еріккеннен ұстап жүрген,
Түсіндің бе, қарағым.
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,
Еріккеннен ұстап жүрген,
Колындағы ұзын таяғын, - деп басталатын өлең жолдарынан бейбіт елдің тыныштығын бұзған зұлмат соғыстың талайды қыршыннан қиып, ажал құштырып, талайдың жанына ауыр жара салғанын айқын сезіліп тұр.
Отан қорғауда ер азаматтар жалғыз жандарын қу шүберекке түйіп, қанды қырғынға қаймықпай аттана бастады. Ал, баласын күткен аналардың, жарын күткен жұбайлардың, бауырын күткен аға-іні мен апа-қарындастың, әкесін күткен балалардың жалғыз үміті мен тілектері - сағынышқа толы хаттары мен олардың елге аман-есен оралулары еді.
Соғыстың оты тұтанып жатқан кезде майданға прокуратура органының қызметкерлері де аттана бастады. Майданда да, бейбіт өмірде де ұрпаққа өнеге болған, бүгінгі ортамызда жүрген ардагерлердің бірі – Қостанай қаласының тұрғыны Жолманов Ақаш Жолманұлының есімін тебіреніспен атаймыз.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Бестөбе станциясында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге Ақаш атай қазір сексеннің жетісіне келді.
Балалық шағы туған жердің топырағында өткен Ақаш атай мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін осы ауданда халық сотының секретары болып жұмысқа кіріседі. 1945 жылдың қазанынан 42-жылға Қостанай облысының Орджоникидзе ауданында халық тергеуші болып істейді.
42-жылдың қазан айы, тура бір жылдан кейін Қызыл әскер қатарына шақырылып, 14 Волохов әуе әскери жауынгерлер құрамына жолданады.
19 жас. Балғын жас. Жастық шаққа енді табан басып, қайта келмес сол дәуреннің майдан даласында өтуі жүректегі жазылмас жара еді. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомба талай жастың гүл ғұмырларын қиды.
«Ол кезде жан-жағыңнан оқ қарша борап тұр. Жауынгерлердің біреуі жараланып жатыр, енді біреуі мерт болуда. Міне, сол жаумен шайқастан елге оралдым» деп еске алады майдангер.
Соғысты Латын ССР-нің Рига қаласында аяқтайды. Кеңес Одағы неміс басқыншыларынан азат етілді, жеңістің туы көкте байрақтады.
Шайқаста алған жарақаттан саптық қызметке жарамсыз болып, 1945 жылы желтоқсан айында жұмылдырудан босатылады.
КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен жұмылдырудан босатылған жауынгерлерге майданға кеткенге дейінгі атқарған жұмысының сақталатындығна кепілдік беріледі. Осыған байланысты Ақаш Жолманұлы Таран аудандық прокуратурасының халық тергеушісі болып жұмысын жалғастырады. Арада үш жыл өткен соң, нақтыласақ, 1949 жылдың наурызында Қарасу ауданы прокурорының қызметіне жоғарылып, 1952 жылы Жетіөзен ауданы прокурорлығына ауыстырылады.
Әр бір қызмет кәсіптік деңгейдің жоғары болуын талап етеді. 1955 жылы Мәскеу қаласындағы КСР прокуратура органдарының басшыларына бір жылдық курсқа жолданады.
Қадағалау саласындағы қарымды еңбегінің нәтижесінде 1957 жылы Ақаш Жолманұлы Республика прокурорының бұйрығымен Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасарлығына тағайындалады.
1960 жылдың желтоқсанында Қазақ КСР прокуратурасына шақырылып, Қаз КСР құрамында Целинный өлкесінің құрылуына байланысты өлке прокурорының бірінші орынбасарлығына қызметке кіріседі. Алайда, таратылған Ақмола облысы қайта құрылып, қайта атауын алған Целиноград облысының прокуроры болады. Бұл 1961 жылдың маусым айы болатын. Бұл қызметті Целиноград өлкесі таратылғанға дейін атқарады.
1964 жыл, қараша айы. Алты жылға жуық уақыт заңдылық құқықтық тәртіпті нығайту жолында Рудный қаласының прокуроры болып, аса жауапты қызметтерді атқару кезінде атына да, қызметіне де көлеңке түсірмейді.
Құқық қорғау саласында өзінің іскерлігімен, алғырлығы және әділеттігімен танылып, прокуратурада шыңдалған заңгер Орал облыстық әділет Басқармасын басқарады. 1976 жылы партия органының шешімімен Ақаш Жолманұлы Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағалығына сайланып, 10 жылдан астам қызмет атқарып, 1986 жылы зейнет демалысына шығады. Тәжірибелі де білікті заңгер зейнеткерлікке шықса да, Батыс Қазақстан облысы прокурорының шақыруымен он жыл облыс прокуратурасының тергеу бөлімінеде тергеуші болады.
Аға әділет кеңесшісі Ақаш Жолманұлының ұзақ жылдарға созылған еселі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Жауынгерлік және үкіметтік наградаларға ие болып, «Прокуратураның құрметті қызметкері», «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» кеуде белгісімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Өзінің қажырлы еңбек жолында ондаған шәкірт тәрбиеледі. Ал, бүгінгі күні құрметті демалысқа шыққанымен заң органдарынан қол үзген жоқ. Қостанай облысы прокуратурасының қоғамдық жұмысына бірлесе араласады, өмірлік тәжірибесімен бөлісуден бір талған емес.
Қастерлі мерекеде майдангер атамызға зор денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр, шаңырағыңызға шадыман шаттық пен берекелі бірлік тілейміз!
Қостанай облысы Отан қорғауда ер азаматтар жалғыз жандарын қу шүберекке түйіп, қанды қырғынға қаймықпай аттана бастады. Ал, баласын күткен аналардың, жарын күткен жұбайлардың, бауырын күткен аға-іні мен апа-қарындастың, әкесін күткен балалардың жалғыз үміті мен тілектері - сағынышқа толы хаттары мен олардың елге аман-есен оралулары еді.

прокуратурасының
баспасөз қызметі

.gif)