Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан халқының ержүрек ұлдары мен қыздары тарихта өшпестей із қалдырып, ұрпаққа үлгі етерліктей ерлік көрсетті.Солардың ішінде көптеген прокуратура органдарының қызметкерлері де бар.
Алматы қала прокуроры әр аптада соғысқа қатысқан прокуратура ардагерлерімен кездесу жасап, үйлеріне барып, бұқаралық акпарат құралдарында соғыс өртін белден кешкен майдангерлердің өмірі туралы телеканалдар арқылы репортаждар түсіріп, шығармалар жазуды қолға алып отыр.
15 сәуір 2010 жылы «Өнегелі өмір иесі» деген тақырыпта 90 жасқа келген соғыс және прокуратура ардагері Мадияр Молдалиев туралы «Құқықтық Қазақстан» газетінде мақала жарияланып, Алматы телеканалына репортаж түсірілсе, осы аптада Ұлы Отан соғысы және прокуратура ардагері Юшкина Мария Ивановна туралы Алматы телеканалын шақырып кездесу өткізді. Әріптестері батыр ананы келе жатқан Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтап, алқызыл гүл шоқтарын табыс етті. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, аға әділет кеңесшісі Мария Ивановна әріптестерін жылы ықласпен қарсы алып, сол сұрапыл соғысты қайта есіне алып, біраз толқыды.
...1941 жылы шілде айында 18 жасқа толар-толмаста өз құрбыларымен бірге ел басына күн туғанда қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да көмегіміз тисін деп, Ұлы Отан соғысына өз еркімен аттанады. Мария Ивановнаның есінде қалғаны,соғыс комиссариатында өз еркімен майданға сұранған жас қыздар мен ер балалардың өте көп болғаны.
Бұл кісілер бірден Беларусь майданына түседі. Сол кездегі күнделікті өмірдің бейнесі: күні-түні жарылған бомба, аш-жалаңаш балалар, өртенген ауылдар, халық қалың орманды сауғалаған. Орман ішінде күндіз-түні бомба жарылып, бірде-бір тал сау қалмаған. Мария апамыз барлау батальонына түседі, күні-түні аңдығандары жау самолеттарының қаншасы шабуылға шыққаны, қандай марка екені. «Сол кезде кез келген самолетті дауысынан танушы едік» дейді ардагер ана. Жинаған деректерін орталыққа демде жіберіп отырған. Жеңісті де ардагер ана Белорусь майданында естіп, қуаныштарына шек болмай, көз жастарын тоқтата алмағандарын тебірене еске алады.
Соғыстан кейін заң институтына түсіп, заңгер мамандығын алып шығады. Құлшына еңбек етіп, жақсы қырынан танылған соң, талай жауапты қызметтерді атқарады. Прокуратура органдарында адалдықтың, кәсіби іскерліктің үлгісін көрсетіп Қазақстан мемлекеті үшін аянбай қызмет етті. ҚР Бас прокуратурасында азаматтық істер бойынша сот актілердін заңдылығын қадағалау басқармасында қызмет жасап, «Прокуратура құрметті қызметкері» атағын алды, аға әділет кеңесшісі.
Ардагер ана бұл күнде де жасы 87 келсе де ширақ қалпында, 2 бала өсіріп, 4 немере көріп отырған бақытты жан.
Алматы қаласы прокуратурасымен «Ұлы Жеңіс- прокуратура ардагерлерінің өмірінде» атты ақция жүргізілуі бұдан кейін де жалғаса береді.

Алматы қ. прокуратурасының
баспасөз қызметі


Артқа