Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

ТЕҢДІК ҚАҒИДАЛАРЫ САҚТАЛҒАН

«Конституция» – латынша дан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғ ни, ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруы мыздың айғағы. Осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 жəне1688 жылдары құқықтар жөніндегі «Билль» деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген. 

Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы, одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазба ша түрде қабылданды. Қазіргі қолданылып жүрген Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап беруінде. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

    

Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру жəне дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды. Адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұны на əсерін тигізуде. Кеңес зама нында қалыптасқан адамды заңбұзушы – бұзақы ретінде көру стереотипі тарихтың қойнауына кетіп, керісінше, кінəсіздік презумпциясын басшылыққа алу кең өріс алды. Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құқықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты десек, еш қателеспейміз. Айталық, мемлекеттің қылмыс пен күресудегі саясаты негізгі бағыттарының өзгеруі адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарын қорғауды алдың ғы орынға қоюға байланысты.

    

Бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың жəне мемлекеттік органдардың республика Конституциясына деген дəстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ, алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қалыптасқаны.

    

Конституция күні қарсаңында жас ұрпақты отаншылдыққа тəрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу жəне жоспарларды жұртшылыққа жеткізу – əр азаматтың парызы.

Е.ЕСЕНДИЯРОВ,
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы
прокурорының көмекшісі

«Заң газеті», 10.08.2010 ж.

Артқа