Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі.

 

Азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ конституцияда бекітілген құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Прокуратураның құқық қорғау функциясы ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 7-бабында көрсетілген. Оған сәйкес прокуратура органдары заңдарда белгіленген тәртіппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келіп, адамның және азаматтың, заңды тұлғаладың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтіру шараларын қолданады.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар, қалалық, аудандық прокурорлар мен олардың орынбасарлары, Бас прокуратура жанындағы ғылыми және басқа мекемелердің басшылары бекітілген кестелерге және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, осы мәселені реттейтін Бас Прокурордың бұйрықтары мен нұсқаулықтарына сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді.

ҚР-сы Бас Прокурорының 2008 жылдың 27 ақпанындағы №10 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау ережесі» және ҚР-сы Бас Прокурорының 2007 жылдың 7 қыркүйегіндегі №37 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары мен мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі нұсқаулық» прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге жатады.

Азаматтардың өтініштерін қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс-қағаздарын жүргізу басқармасы (әрі қарай - Басқарма) Бас прокуратура басшыларының азаматтарды жеке қабылдауын  ұйымдастыруға қажетті шараларды іске асырады, жеке қабылдауға алдын-ала жазуды жүргізіп, басшылардың қабылдауына жазылған азаматтардың тізімін уақытылы құрады және т.б.

ҚР-ның Бас прокуратурасында басшылардың жеке қабылдауына алдын-ала жазуды және оларды қабылдауды ұйымдастыруды ҚР-сы Бас Прокурорының аға көмекшісі, жергілікті жерде осы жұмыс жүктелген қызметкерлер жүргізеді.

Прокуратура органдары және Бас прокуратура жанындағы басқа мекемелердің басшыларымен бекітілген жеке қабылдау кестелерінде көрсетілгендей, бірінші басшылары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін аптасына бір рет жеке қабылдайды. Жеке қабылдау Кестесі прокуратура органдарының ғимараттарында азаматтар онымен еркін таныса алатын жерге ілінеді.

Бас Прокурор мен оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы алдын ала олардың көмекшілерімен келісіліп, Бас Прокурор бекіткен кестеде белгіленген күндері жүргізіледі.

Бас Прокурор мен оның орынбасарлары азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды сағат 10.00-нан 13.00-ке дейін, құрылымдық бөлімшелердің басшылары 10.00-нан 18.00-ге дейін жүргізеді.

1.    Облыстық, қалалық, аудандық прокуратураларда азаматтарды жеке қабылдау бекіткен кесте бойынша барлық жұмыс күндері, қажет болған жағдайда демалыс (сенбі, жексенбі) күндері және мейрам күндері жүргізіледі. Бас прокуратураға алғашқы өтініштерімен қабылдауды өтінген азаматтарды қабылдауға алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастырушы Басқарма қызметкері, жергілікті орындарда осы жұмыс жүктелген қызметкер дереу қабылдайды және оларға тиісті түсіндірмелер береді, ал қажет болған жағдайларда заңда белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде қаралатын жазбаша өтініштер қабылданады.

Күшіне енген сот қаулыларының орындалуын тоқтата тұру мәселелері бойынша алғашқы рет ауызша немесе жазбаша өтініш жасаған азаматтар мән-жайы бойынша мәселені қарау үшін және соңғы шешім қабылдау үшін облыс прокурорына Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарларына баяндау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелердің бастықтарына қабылдауға жіберіледі.

Бас Прокурордың орынбасарларының біреуінің қолы қойылған өтініш иесіне жауап берілген жағдайдан басқа, қолында өтініштері бойынша хат алмасу болғанда  (қадағалау өндірістері) немесе облыстық соттардың қадағалау алқасының сот актілерін, сондай-ақ облыстық прокурордың қолы қойылған жауабын ұсынған кезде арыз иелері жеке қабылдау кестесіне сәйкес тиісті құрылымдық бөлімшелердің бастықтарына қабылдауға жіберіледі.

Бас Прокурордың жеке қабылдауына азаматтардың өтінішіне Бас Прокурордың орынбасарларының біреуінің қолы қойылған жауабы бар жағдайда ғана алдын ала жазылу жүргізіледі.

Бас Прокурордың жеке қабылдауына азаматтарды жазу мейрам, демалыс күндерінен басқа күнделікті жүргізіледі.

Бас Прокурордың орынбасарларының жеке қабылдауына азаматтардың алдындағы өтінішіне берілген Департамент, дербес басқармалардың, бөлімдердің  бастықтарының немесе облыстық прокурордың және оларға теңестірілген прокурорлардың қолымен жауабы болса ғана алдын ала жазылу жүргізіледі.

Бас Прокурордың қолымен берілген жауабы бар азаматтар Бас Прокурордың қайталап жеке қабылдауына жазылмайды. Жазбаша өтініштер, соның ішінде жаңа дәлелдері мен жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты, қолданыстағы заңдарға сәйкес қарау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолданады.

Егер өтініштер лауазымды тұлғаның жеке қабылдау үстінде шешілмесе, олар жазбаша түрде баяндалады және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамаға сәйкес қаралады.

Өтініш берген азамат оның қаралуына жеке өзі қатысуға, сондай-ақ өзінің өтінішін растайтын қосымша материалдар ұсынуға құқылы.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша арыз иелеріне жазбаша түрде дәлелденген жауап беріледі.

Жеке қабылдауда түскен өтініштерге жауап арыз иесіне жеке қабылдау жүргізген лауазымды тұлғаның қолымен жолданады.

Қабылдау үстінде тапсырылған жазбаша өтініштер тіркеледі және олардың шешілуін бақылау прокуратура органдарында белгіленген тәртіпке сәйкес іске асырылады. Қабылдау кезінде тапсырылған өтініштерге «Қабылдаудан» деген белгі қойылады.

Азаматтардың өтініштерін қарау және іс-қағаздарды жүргізу заңдарының қолданылуын қадағалау басқармасы тарапынан төменгі тұрған прокуратураларда тұрақты, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында арыздармен жұмыс жасау және азаматтарды қабылдау жұмыстарының жағдайын тексеру жүргізіледі, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты шаралар қолданылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.

Барлық прокуратура органдарында сенім телефоны жұмыс жасайды, ол арқылы өтініш иесі өзіне қажетті сұрақтар бойынша түсініктеме алуына болады.

Бас прокуратурада азаматтарды жеке қабылдауға қатысты толық ақпаратты Сіз мына телефон арқылы біле аласыз: 8-(7172)-71-25-79



Артқа