Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына 2009 ж. қазан айында түскен арызшағымдар жөнінде мәлімет
2009 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2302 – жеке тұлғалардың өтініші оның ішінде 8 депутаттық сауал және 388 заңды тұлғалардың өтініші келіп түсті, өтініштерден төмен тұрған прокуратураларға 1342-ы жолданған, соның ішінде 165-ы бақылаумен. Қалған өтініштер Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде шешілу барысында.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан көбінесе түскені Алматы қаласынан –355, Астана қаласынан -295, Оңтүстік Қазақстан облысынан –217, Шығыс Қазақстан облысынан -155, Ақмола облысынан -164, Алматы облысынан -193 және Қарағанды облысынан -195.
Тікелей азаматтардан келіп түскен өтініштер саны -1432, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі арқылы -277, басқа министрліктер мен ведомстволар арқылы -205, «Нұр Отан» ХДП арқылы -49, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия арқылы -39.
Өткен айда 177 азамат жеке қабылдауда болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ.А. Мами -28, Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель –12, Бас Прокурордың орынбасары А.Қ. Даулбаев -7, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен –56 өтініш қабылданған.
Өтініштердің құрылымдық бөлімшелерге шешілуге көбінесе таратылған саны: Әлеуметтік - экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті –130; Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті -308; Қылмыстық істерді соттарда қарау заңдылығын қадағалау департаменті -256; Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті -192.
Барлық келіп түскен өтініштер бақылау барысында.




.gif)














