2010 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2633 – жеке тұлғалардың өтініші оның ішінде 5 депутаттық сауал және 510 заңды тұлғалардың өтініші келіп түсті, өтініштерден төмен тұрған прокуратураларға 1134-ы жолданған, соның ішінде 174-ы бақылаумен. Қалған өтініштер Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде шешілу барысында.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан көбінесе түскені Алматы қаласынан –435, Астана қаласынан -310, Оңтүстік Қазақстан облысынан –243, Шығыс Қазақстан облысынан -172, Ақмола облысынан -181, Алматы облысынан -167 және Қарағанды облысынан -262.
Тікелей азаматтардан келіп түскен өтініштер саны -1722, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі арқылы -288, басқа министрліктер мен ведомстволар арқылы -217, «Нұр Отан» ХДП арқылы -86, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия арқылы -26.
Өткен айда 229 азамат жеке қабылдауда болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары М.А. Жөргенбаев –1, Бас Прокурордың орынбасары А.Қ. Даулбаев –1, Бас Прокурордың орынбасары А.А. Секишев –10, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен –34 өтініш қабылданған.
Өтініштердің құрылымдық бөлімшелерге шешілуге көбінесе таратылған саны: Әлеуметтік - экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті –193; Істерді соттарда қарау заңдылығын қадағалау департаментінің азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөнінде -450, қылмыстық істерді соттарда қарау заңдылығын қадағалау жөнінде -399; Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті -281.
Барлық келіп түскен өтініштер бақылау барысында.




.gif)














