Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2009 жылғы халықаралық іс-шаралар хроникасы
Қантар
· 12-26 қаңтарда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері Таиландта өткен Таиланд корольдігі ұйымдастырған «International Narcotics law enforcement training course» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Таиланд корольдігінің наркобизнеспен күрестегі жағымды тәжірибесін зерделеу және қылмыстық іс пен экстрадициялаудағы құқықтық көмек көрсету мәселелері жөнінде елдердің құқық қорғау органдары арасында тәжірибе алмасуды көздеді.
· 26-27 қаңтарда Алматы қ-да Алматы қалалық прокуратурасы бала құқықтарын қорғау саласындағы ҚР азаматтары – балаларды халықаралық асырап алу сынды мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу мақсатында Бельгияның Әділет министрі Марк Ван ден Реек бастаған Бельгия корольдігінің делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасындағы бала асырап алу жүйесін ұйымдастыру, сонымен қатар халықаралық асырап алу ерекшеліктері, халықаралық бала асырап алу саласында туындайтын қиыншылықтар мен осы мәселедегі прокуратураның ролі және бала асырап алу саласындағы ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері талқыланды.
Наурыз
· 3-4 наурызда Минск қ-да ТМД мүше елдерінің жемқорлықпен күрестегі ынмақтастық жөніндегі келісімнің жобасын жөндеу және келістіруге арналған ТМД атқару комитеті эксперттік тобының отырысы өтіп, оған ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов қатысты.·
· 12-13 наурызда Астана қ-да кезекті қазақстандық-түркиялық консулдық мәселелер төңірегіндегі кеңестері ұйымдастырылды. Кездесуге ҰҚК шекаралық қызметі, ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, ҚР ЕХӘҚМ және ӘМ өкілдері қатысты. Келіссөз барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық, тиісті халықаралық құжаттырды өңдеу және қол қою, азаматтық, қылмыстық істер мен тұлғаларды берудегі құқықтық көмек жөніндегі әрекеттегі халықаралық келісімдер ережелерін тиімді қолдану арқылы шарттық-құқықтық базаны ұлғайту жөніндегі бірқатар мәселелер талқыланды. ҚР Бас прокуратурасы атынан келіссөздерге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің шарттық-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы Нұрахметов А.А. қатысты.
· 30 наурызда Брюссель қ-да ЕО – ҚР ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы болып өтті. Іс-шара аясында қылмыстық істердегі құқықтық көмек жөніндегі сұранымдарды атқару кезінде туындайтын мәселелер, қылмыстық істерді тергеу жұмысында тәжірибе және қылмыспен күрес мәселелеріне қатысты ақпарат алмасу мәселелері талқыланды. Аталмыш шараға ҚР Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті бөлімінің аға прокуроры Қаржаубаев М.Т. қатысты.
Сәуір
· 12-14 сәуірде Мәскеу қ-да ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 7-ші отырысы болып өтті. Отырыс барысында адам құқықтарын қорғау, әлемдік дағдарыс жағдайында экономика саласындағы құқықбұзушылыққа, діни экстремистік ұйымдардың әрекеттеріне, адам саудалау және заңсыз есірткі айналымына, трансұлттық ұйымдастырылған қылмысқа төтеп беру салаларында ШЫҰ мүше елдері бас прокуратураларының ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер талқыланды. Қазақстандыө тараптан шараға ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми, Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы А.Н.Кравченко, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов қатысты.
· 22 сәуірде ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің Елші Александр Кельчевский бастаған Астана қ-дағы ЕҚЫҰ орталығы делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес, заңсыз жолмен табылған қаражат пен терроризмді қаржыландыруға төтеп беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Мамыр
· 12-15 мамырда Новосибирск қ-да «Қылмыспен күрес, құқық қолдану ісі, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңдарды дамыту» тақырыбындағы халықаралық семинар өтті. ҚР Бас прокуратурасы атынан шараға ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель және ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары М.А.Мұқатаев қатысты.
· 21 мамырда ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми Ресей әділет академиясының ректоры В.В.Ершовпен кездесті. Кездесу кезінде оқу және Қазақстан мен Ресейдің прокуратура және сот органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларының сапасын арттыру саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Маусым
· 5 маусымда Алматы қ-да ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің қатысуымен «Заңдық тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі: халықаралық тәжірибе және Қазақстанда енгізу перспективалары» атты дөңгелек үстел орын алды.
· 18 маусымда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов пен Америка Құрама Штаттары елшілігінің қайта тағайындалған құқықтық мәселелердегі атташесі Кеннет Джоунздың кездесуі ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасы атынан кездесуге Бас Прокурордың көмекшісі О.М.Рыскелдинов және ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры А.А.Нұрбеков қатысты. Кездесу барысында АҚШ аумағындағы ҚР құқық қорғау органдарымен іздестірілетін тұлғаларды Қазақстанға экстрадициялау және құқықтық саладағы ары қарайғы ынтымақтастық перспективалары мәселелері талқыланды.
· 22 маусымда Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель «Халықаралық амнистия» қоғамдық ұйымының өкілдері М.Вайхердинг және О.Фишермен кездесті.
· 23 маусымда Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель мен журналисттер – американдық UPI пресс-агенттігінің корреспонденті Джон Дейли және Қазақстанның бас редакторлары клубының президенті М.Күнбаевпен кездесуі өтті.
· 21-24 маусымда Мәскеу қ-да Халықаралық Заңгерлер Одағының съезі және ХЗО Координациялық кеңесінің кезекті отырысы орын алды. ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми ХЗО Координациялық кеңесі төрағасының орынбасары болып қайта тағайындалды.
· 22 маусымда Мәскеу қ-да ҚР Бас прокуратурасы мен РФ Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазақстандық тараптан ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми және ҚР Бас әскери прокуроры Е.С.Мерзадинов қатысты.
· 27 маусымда Алматы қ-да «ҚР-да қинауға қарсы БҰҰ Конвенциясына Факультативтік Протоколды жүзеге асыру механизмдері» атты дөңгелек үстел орын алып, оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Г.Т.Хуанова және ҚР Бас прокуратурасы Институты директорының орынбасары Д.К.Бекішев қатысты.
· 29-30 маусымда Алматы қ-да ҚР және ЕО арасында әділеттік, ішкі саясат және адам құқықтары жөнінде «Сот жүйесі және бостандықтан айыру орындары: еуропалық стандарттарға жақындату» тақырыбында 4-ші семинар ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасы атынан семинарға ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Г.Т.Хуанова қатысты.
· 29 маусым – 3 шілдеде Берлин қ-да (ГФР) Херти Мемлекеттік басқару мектебінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған «ЕҚЫҰ қызметі принциптері мен стандарттарын енгізу» атты семинары орын алып, оған Халықаралық ынтымақтастық департаменті бөлімінің прокуроры М.Баратов қатысты.
· 30 маусымда Астана қ-да ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік кеңесінің (Шура) төрағасы Абдалла Бен Мұхаммад Бен Әл Аш-Шейхпен кездесті.
Шілде
· 7 шілдеде Астана қ-да ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы А.И:Кравченконың ХЕҰ өкілдері – Викинг Хусберг мырза мен Кармен Буено ханыммен кездесуі өтті.
· 16-17 шілдеде Алматы қ-да стратегиялық тауар саудасын қадағалау мақсатыда тергеу және қудалау туралы семинар орын алып, оған ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің шарттық-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы Нұрахметов А.А. және ҚР Бас прокуратурасының экстрадиция және халықаралық-құқықтық көмек басқармасының бастығы Нұрбеков А.А. қатысты.
Тамыз
· 23 тамызда «Миграция және Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы виза тәртібін жеңілдету мәселелері туралы» семинар ұйымдастырылып, оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов қатысты.
Қыркүйек
· 31 тамыз – 11 қыркүйекте Гаага қ-да (Нидерланд Корольдігі) Ассер институтында заңдық реформаны дамыту, тәжірибе алмасу, құқықтық салада прогрессивті халықаралық идеяларды қабылдау, демократиялық өзгерістерді, ақпаратқа қол жеткізуді ілгерілету мақсатында сот, әділет және прокуратура органдарына арналған оқу курсы орын алды. Шараға ҚР Бас прокуратурасы Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ы.А.Тілеуғалиев, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығы Ж.Б.Архарова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің шарттық-құқықтық жұмыс басқармасының аға прокуроры Д.А.Рысқұлов қатысты.
· 3 қыркүйекте Астана қ-да ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы А.И.Кравченко мен GTZ жобаларының аймақтық директоры Хирбод Аминлари мырзаның кездесуі орын алды.
· 6-10 қыркүйекте Киев қ-да жыл сайынғы Халықаралық Прокурорлар Ассоциациясының конференциясы орын алып, оның жұмысына ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми, ҚР Бас Прокурорының айрықша тапсырмалары бойынша аға көмекшісі Т.Е.Сәрсенбаев, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов қатысты.
· 9 қыркүйекте Астана қ-да 2009-2012 ж-ға арналған адам құқықтары саласындағы ҚР ұлттық әрекет жоспарының тұсаукесері ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасы атынан шараға ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель қатысты.
· 15 қыркүйекте Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаев пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық жемқорлық мәселесі жөніндегі прокурор Никола Мразек ханым және халықаралық істер жөніндегі кеңесші Роберт Левенталь мырзаның кездесуі орын алды.
· 16 қыркүйекте Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаев пен Братиславадағы БҰҰ аймақтық орталығының жетекшісі, демократиялық басқару мәселелерінің эксперті Анни Демирчанның кездесуі орын алды.
· 16-18 қыркүйекте Астана қ-да Жемқорлықпен күрес агенттігінің халықаралық конференциясы орын алып, оған ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми қатысты.
· 17-18 қыркүйекте Астана қ-да ҚР-да медиацияны енгізу тақырыбында дөңгелек үстел және семинар ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасы атынан шараға Сот актілерінің және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бөлімінің бастығы А.К.Аяғанова қатысты.
· 18 қыркүйекте Астана қ-да «Азаматтық сот ісіне қатысушылардың бәсекелестігі мен теңдігін қамтамасыз етудегі мәселелер» атты дөңгелек үстел орын алып, оған ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми және ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішев қатысты.
· 21-25 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполовтың ЕҚЫҰ Арнайы өкілі кеңсесінің эксперттері және адам саудалаумен күрес мәселесінің үйлестірушісімен кездесуі ұйымдастырылды.
· 23-24 қыркүйекте Байқоңыр қ-да Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының «Байқоңыр» кешені бойынша 12-ші отырысы ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасы атынан шараға ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі М.А.Мұқатаев қатысты.
· 29-30 қыркүйекте Мәскеу қ-да «Адам саудасына төиеп берудегі халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, оған ҚР Бас әскери прокуроры Е.С.Мерзадинов қатысты.
· 30 қыркүйек – 5 қазанда Варшава қ-да ЕҚЫҰ адам өлшемі саласындағы міндеттерді атқару жөніндегі жыл сайынғы кеңесі өтті. ҚР Бас прокуратурасы атынан ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің қоғамдық ұйымдар істеріндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы А.Т.Тіленшиев қатысты.
Қазан
· 16 қазанда Алматы қ-да ҚР құқықтық саясаты конвенциясы бойынша дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми және ҚР Бас әскери прокуроры Е.С.Мерзадинов қатысты.
· 21, 23 қазанда Астана қ-да адам құқықтары жөніндегі құрылымдық диалог және ҚР-ЕО құқықтық тәртібі жөніндегі Комитеттің отырысы орын алып, оған ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми және ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель қатысты.
· 26-27 қазанда Брно қ-да (Чехия) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Чех Республикасы Бас прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық тарапынан шараға ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми қатысты.
· 26-30 қазанда Мәскеу және Санкт-Петербург қ-да РФ Бас прокуратурасының Академиясы және ҚР Бас прокуратурасының Институты арасындағы ары қарайғы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасы келісілді. ҚР Бас прокуратурасы атынан бұл шараның жұмысына ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішев, Арнайы прокурорлар департаментінің бастығы Н.М.Әбдіров, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі А.А.Әділов, ҚР Бас Прокурорының көмекшісі М.О.Қырасыров қатысты.
Қараша
· 2-9 қарашада Астана қ-да қазақстандық-қытайлық эксперттер тобының келіссөздері ұйымдастырылды. Келіссөз мақсаты – Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған тұлғаларды беру жөніндегі келісім жобасы бойынша кеңесулер өткізу. Қазақстандық тарапты ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің шарттық-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы Нұрахметов А.А. басқарды.
· 9-11 қарашада Ашхабад қ-да транзиттің шығу елдерінің прокуратура, сот және құқық қорғау органдары арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайту және ОА адам саудасымен күрес бойынша 2-ші жыл сайынғы аймақаралық жұмыс семнары орын алды. ҚР Бас прокуратурасы атынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің экстрадициялау және халықаралық-құқықтық жұмыс басқармасының аға прокуроры Ә.А.Айсина қатысты.
· 13-17 қарашада Дубай қ-да (БАӘ) «21 ғасыр прокуроры» атты ХПА Азия, Тынық мұхиты және Таяу Шығыс аймақтық конференциясы ұйымдастырылып, оның жұмысына ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми және ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Т.Е.Сәрсенбаев қатысты.
· 16-18 қарашада АҚШ-та Қазақстанның 2010-2020 ж-ға арналған құқықтық даму концепциясының таныстыру рәсімі орын алды. Қазақстандық тарапты ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішев басқарды.
· 17 қарашада Астана қ-да ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің АҚШ ФТБ директоры С.Мюллер мырзамен кездесуі ұйымдастырылып, оның барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Америка Құрама Штаттары Әділет министрлігінің Федералдық тергеу бюросы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.
· 16-20 қарашада ГФР «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында «Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамада қолдану механизмі» тақырыбында оқу курстары ұйымдастырылып, оған ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Н.Б.Бекназаров және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры А.М.Сансызбаев қатысты.
· 17-18 қарашада Брюссель қ-да ЕО-ҚР ынтымақтастығының кеңесі орын алып, оған ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель қатысты.
· 24 қарашада Астана қ-да ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің Болгария Республикасы Жоғарғы Кассациялық Сотының төрағасы Л.Груевпен кездесуі ұйымдастырылды.
· 24-27 қарашада Мәскеу қ-да қылмыстық емес саладағы прокурорлар қызметінің мәселелері бойынша ТМД мүше-мемлекеттер прокурорларының семинары өтті. Семинарға ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаев және ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы А.И.Кравченко қатысты.
· 26-27 қарашада ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы С.Досполов пен Адам құқықтары үшін Халықаралық Федерациясы өкілдерінің кездесуі орын алды.
Желтоқстан
· 2-4 желтоқсанда Астана қ-да ТМД мүше-мемлекеттердің бас прокурорларының Координациялық Кеңесінің отырысы өтті. Қазақстан тарабынан ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми қатысты. Отырыс барысында өз елдерінің аймағынан тыс жақта мекендейтін азаматтар құқықтарын қорғау, қылмыс, терроризм, заңсыз есірткі айналымы, заңсыз миграция және адам саудасымен күрес мәселелері талқыланды. Құқық қорғау саласындағы бірқатар мемлекетаралық бағдарламаларды орындау туралы ақпарат тыңдалып, еске алынды. Адам, адам мүшелері мен талшықтарын саудалаумен күрестегі ТМД мүше-мемлекеттері бас прокуратураларының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Іс-шара шеңберінде ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәми делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында ары қарайғы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Бас прокурорлардың Координациялық Кеңесінің кезекті отырысын 2010 жылдың күзінде Ресей Федерациясында өткізу жоспарланып отыр.
· 7-8 желтоқсанда Берлин қ-да «Қазақстан Республикасының 2010-2020 ж-ға арналған құқықтық даму концепциясы: құқық және сот реформасы саласындағы тұрақты даму» атты халықаралық конференциясы орын алды. ҚР Бас прокуратуарсы атынан конференция жұмысына ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель қатысты. И.Меркель өз сөзінде Концепция контекстіндегі прокурорлық қадағалаудың перспективаларына тоқталып өтт.
· 8 желтоқсанда Минск қ-да Жемқорлықпен күрес туралы келісімі бойынша эксперттік топтың отырысы орын алды. ҚР Бас прокуратуарсы атынан отырысқа ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Т.Е.Сәрсенбаев және ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің шарттық-құқықтық жұмыс басқармасының аға прокуроры Д.А.Рысқұлов қатысты.
· 11 желтоқсанда ҚР Бас Прокуроры Қ.Ә.Мәмидің Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Л.С.Гандиловпен кездесуі орын алды.
· 22 желтоқсанда Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының орынбасары А.А.Секішев, Сот актілерінің және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бөлімінің бастығы А.К.Аяғанова, Сот актілерінің және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бөлімінің бастығының орынбасары И.А.Тілеуғалиев және Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының міндетін атқарушы Г.Т.Хуанова мен Орталық Азиядағы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ-ның құқық төрелігі мәселелеріндегі координаторы Д.И.Нұрымовпен кездесуі орын алды. Кездесу барысында Қазақстан прокуратура органдарының қылмыстық емес сала жұмысындағы ынтымақтастығының перспективалары және сот бақылауын ары қарай кеңейту мәселесі талқыланды.




.gif)














