Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қатысатын халықаралық ұйымдар тізімі

 

1. Халықаралық Прокурорлар Қауымдастығы (ХПҚ) – ең алғашқы және бірден-бір әлемдік прокурорлар ұйымы. ХПҚ үкіметтік емес әрі бейсаяси ұйым.

Қауымдастық 1995 жылдың маусымында Вена қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінде құрылып, 1996 жылдың қыркүйегінде Будапешт қаласында өткен өзінің алғашқы Жалпы Жиналысында ресми түрде қызметіне кірісті. Оның құрылуына ауыр трансұлттық қылмыстылықтың, әсіресе есірткі заңсыз айналымының, ақшаны жылыстату мен алаяқтық сынды қылмыстардың өсуі негізгі түрткі болған. Қауымдастықтың құрылуы өзара көмек көрсету кезінде, заңсыз жолмен табылған мүлікті қадағалау және басқа да халықаралық ынтымақтастық шараларын жүзеге асыру барысында прокурорлар арасындағы неғұрылым ауқымды халықаралық ынтымақтастықты және жоғары оперативтілік пен тиімділіктікке қол жеткізуді қамтамасыз етуге адекваттық жауап болып табылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 1999 жылдан бастап Халықаралық Прокурорлар Қауымдастығының мүшесі болып келеді.

 

2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі 1995 жылдың 7 желтоқсанында ТМД елдері бас прокурорларының ортақ шешімімен құрылды. 2000 жылдың 25 қаңтарында оған Елбасылар Кеңесінің ТМД –ға мүше елдер бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі туралы шешімі негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы мәртебесі берілді.

ТМД елдері бас прокурорларының Үйлестіру кеңесіне мына мемлекеттер кіреді: Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Украина.

 

3. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің бас прокуратураларының жыл сайынғы отырысы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің бас прокуратураларының отырысы (ары қарай – отырыс) терроризм, сепаратизм және экстремизмге төтеп беру, заңсыз есірткі және қару-жарақ айналымы және басқа да трансұлттық қылмыс түрлерімен, заңсыз көшіп-қонумен күрес саласындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің прокуратура органдарының ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын ұйымдастыратын кеңестік орган болып табылады.

Қазіргі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелігіне төмендегі елдер кіреді: Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.

Отырыс өз қызметі барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хартиясы, Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясы және басқа да халықаралық келісімдер сияқты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) негізін қалайтын құжаттарды басшылыққа алады.

ШЫҰ елдерінің бас прокурорлары (немесе олардың міндетін атқарушылар) немесе өкілетті тұлғалар отырыста өкілдік етеді.

Отырыстар жылына бір рет ШЫҰ елдерінің бірінде орын алады. Отырысты ұйымдастыруға жауапты мемлекет ШЫҰ мүше елдерінің тізімінен алфавиттік тәртіп бойынша анықталады.

ШЫҰ елдерінің бас прокурорларының кезекті 8-отырысы 2010 жылдың екінші жартысында Қытайда өтпек.


Артқа