Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті жөніндегі
Ақпарат мәліметі
Халықаралық ынтымақтастық департаменті - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дербес құрылымдық бөлімшесі.
Департамент Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның халықаралық қатынас саласында негізгі және үйлестіруші құрылымдың бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің құқықтық
негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
«Прокуратура туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар,
қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың қолдануын қадағалауды
ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
өкімдері, нұсқаулары және өзге бұйрықтары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Департамент Бас прокуратура мен Департаменттің келешектегі және ағымдағы
жоспарларына сәйкес орталық аппараттың бөлімшелерімен, Бас прокуратураның
ғылыми мекемелерімен, аумақтық прокурорлармен, қажеттілігі болса, үйлесімді
мүдделі ведомстволармен салалық және пәндік-аймақтық қағидасы бойынша жұмысты
ұйымдастырады.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары:
Қылмыстық істер, қылмыскерлерді экстрадициялау, оларға қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, бас бостандығынан айырылғандарды ары қарай жазасын өтеу үшін аудару бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындау, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзіретіне жататын өзге де халықаралық-құқықтық сипаттағы мәселелерді қарастыру және шешу.
Қазақстан Республикасы азаматтарын шетел аумағында жасаған қылмыстары үшін шетелдік әріптестер іздеу салған, сол мемлекеттер тапсырмасымен жүзеге асырылатын қылмыстық қудалаудың заңдылыған қадағлау.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының алыс және жақын шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен, халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтар арасында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға отыру, орындау және күшін жоюды қадағалауды жүзеге асыру.
Халықаралық шарттарды
қолдануда прокурорлық қадағалау бойынша талдау жұмыстарын жүргізу.
Төмен тұрған прокуратуралар қызметінің тиімділігін жақсарту жөнінде ұсыныстар
енгізу.
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық шарттардың орындалу тәжірибесін зерделеу және қорытындылау, осы мәселеде құқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.
Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық базасын кеңейту және жетілдіру.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары атынан халықаралық ынтымақтастық бойынша хат алмасу жүргізуде үйлестіруді жүзеге асыру.
Халықаралық ынтымақтастық Департаменті келесі міндеттерді жүзеге асырады:
Шетел мемлекеттерінің құзырлы мекемелерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырғанда
Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің және төмен тұрған прокуратураларының
қызметін үйлестіреді.
Бас Прокурордың Аппаратымен, қатысты құрылымды бөлімшелермен, Бас
прокуратураның ғылыми мекемелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан
Республикасы прокуратура органдарының халықаралық ынтымақтастығының негізгі
бағыттары жөнінде ұсыныстарды әзірлейді.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құзыретіне жататын халықаралық
ынтымақтастықтың кешенді бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру мәселелеріне
қатысып, жоспарланған шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарында халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Төмен тұрған прокуратураларда халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға бақылау жүргізеді.
Шетел прокуратуралары және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, жүзеге асырады.
Халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы
прокуратура органдарының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Бас
прокуратураның қатысты бөлімшелерімен бірлесе, Қазақстан Республикасы
міндеттерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Қымыстық іс бойынша Қазақстан және шет елдердің құзіретті органдарына құқықтық
көмекті ұйымдастыруға байланысты, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды
беру мен транзитті тасымалдау жөнінде өтініштерді қарастыру жұмыстарын жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасының және шет ел азаматтарын экстрадициялау бойынша төмен
тұрған прокуратураның жұмыстарын ұйымдастырады.
Бас бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеу үшін
аудару жөніндегі өтініштерін қарастырады.
Қазақстан
Республикасы бірлескен құқықтық көмек туралы шартқа отырмаған шет мемлекет
құзіретті органдарының іс-жүргізу әрекеттерінің өндірісі туралы тапсырмаларды
шет елге жолдап, олардың орындалуын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасында бекіткен халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалу мәселелері жөнінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырады.
Халықаралық құқықтық ынтымақтастық тәжірибесін талдау және шет мемлекеттер заңын зерделеу негізінде шет ел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен халықаралық шарттарға отыру, қылмыстық істер, сотталғандарды қайтару және беру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді. Қажеттілік болған жағдайда қылмысқа қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық ынтымақтастығын реттейтін қолданыстағы ұлттық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастама көтереді.
Қылмысқа қарсы күрес, адам құқықтарының бұзылуы туралы шетелдік тәжірибені зерделеп, оның тәжірибелік қызметте қолдану орындылығы туралы Бас прокуратура басшылығына ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құзіреттік мәселелеріне қатысты халықаралық конференциялар мен отырыстар ұйымдастырып, қатысады.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құзіреттігіне жататын мәселелер бойынша халықаралық шарттар есептерін жүргізеді.
Шетел делегациясын күтіп алу және Қазақстан Республикасы Бас прокурурасының делегациясын шетелге іссапарға жіберу бойынша шараларды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құзіреттігіне жататын халықаралық–құқықтық сипаттағы мәселе бойынша консультативті- анықтамалық қызметті жүзеге асырады.
Департамент
2009 жыл мен 2010 жылдың өткен кезеңдерінде Қазақстан прокуратура органдарының
халықаралық–құқықтық сахнада имиджін
жоғарылату, елімізде заңдылық пен құқықтық
тәртіпті қамтамасыз
ету, Елбасы алға қойған міндеттерді,
сонымен қатар Бас прокуратура басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру жұмыстарын орындады.
Қылмыстылықпен күрес саласында шет мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен іс–қимыл
жасасу мәселелері бойынша құқық қорғау жүйесі және прокуратура қызметкерлерінің
кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатымен Департамент оқыту семинарларын
өткізеді.
Департамент 2009 жылдың 21-23 қазанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы адам құқықтарын сақтау мәселелері жөніндегі Құрылымдық сұхбаттың екінші раундын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы–Еуропалық Одақ» сот төрелігі мен құқықтық тәртіп бойынша кіші комитеттің отырысын өткізді. Аталған іс-шаралар шеңберінде еуропалық мемлекеттер өкілдеріне адам құқытарын қорғау саласында ұлттық заңнаманы халықаралық құқық талаптары мен критерилеріне сай жетілдіруге бағытталған мемлекетіміз, соның ішінде прокуратура органдары жүргізіп отырған жұмыстар көрсетіліп, оған Еуропалық Одақтың 20-дан артық мемлекет өкілдері тарапынан оң баға берілді.
2009 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер Бас прокурорларының кезекті отырысы өткізілді. Оған Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украина елдері бас прокуратуралары мен ТМД Атқарушы комитетінің жетекшілері қатысты. Отырыс барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қылмыстылықпен күресті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, ТМД-ға қатысушы-елдер бас прокуратуралары Адам, адам дене мүшелері мен талшықтары саудасымен күресудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2009 жылдың қаңтары және наурызындағы Мемлекет басшысының Үндістан және Біріккен Араб Әмірлігіне сапарлары аясында Департамент ұсынған қылмыскерлерді беру және құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға қол қойылды.
2009 жылдың 23 маусымында Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресей Федерациясының Бас Прокурорлары Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Сотталған тұлғаларды беру жөнінде келісімге қол қою жоспарлануда.
Бас прокуратура төмендегі келісім жобаларын жасап, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін оларды жіберіп отыр: Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында қылмыскерлерді беру туралы, Үндістан Республикасы Үкіметімен сотталғандарды беру туралы, Ауғанстан Ислам Республикасымен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы, Ұлыбританиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы, Түркия Республикасымен сотталғандарды беру туралы келісім жобалары.
Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті, Біріккен Араб Әмірлігіне, Венгрия Республикасы, Катар елі, Таиланд Корольдігі және Латвия Республикасы арасында құқықтық көмек жөніндегі келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР Президентінің Әкімшілігі бекіткен Жоспар-кестесіне сай, Бас прокуратура ҚР Сыртқы Істер министрлігімен бірлесіп 20.04.1959 жылғы Қылмыстық істер бойынша бірлескен құқықтық көмек көрсету туралы Еуропалық конвенцияға және оның Қосымша хаттамасына, 13.12.1957 жылғы Қайтарып беру туралы Еуропалық конвенцияға және оның екі Қосымша хаттамасына, 15.05.1972 жылғы Қылмыстық істер бойынша өндірісті табыстау туралы Еуропалық Конвенцияға және 28.05.1970 жылғы Қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің халықаралық шынайлығы туралы Еуропалық конвенцияға Қазақстанның қосылуы туралы мәселелерін пысықтау үстінде.
2009 жылдың 9 сәуірде ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен аталған мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігі өткізген Сараптау кеңесінің отырысында қарастырылды. Бас прокуратура ұстанымы барлық қатысы бар мемлекеттік органдар арасынан қолдау тапты және 10.04.2009 жылы Еуропа Кеңесінің Директоратына Қазақстанды аталған конвенцияларға қосу туралы сәйкес өтінім жіберілді.
Бұл мәселе оң шешімін табатын болса Қазақстанда қылмыс жасап, Еуропа Одағында жасырынып жүрген қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша кедергі болып отырған көптеген мәселелер де шешіледі.
2009 жылдың қарашасында Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консульдік қызмет департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының қылмыстық жауапкершілікке тартылған және жазасын шетелде өтеп жатқан азаматтары туралы деректер банкі құрылды.
Деректер банкін құру қажеттілігі бүгінгі күнге дейін Қазақстан мемлекеттік органдары осындай адамдарды мақсатты түрде тіркеу жүргізбегендігінен туындап отыр, және тиісінше, шетелде қылмыс жасаған, кейінірек шетел соттарымен бас бостандықтарынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы Конституциясының 11–бабында көрестілген шетелде жүгрен өз азаматтарына қорғау және оларға қамқорлық жасауды қамтамасыз етуге мемлекетті міндеттейтін құқығын толық пайдалана алмаған.
Деректер банкінің қызметі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен бұндай категориялы адамдарды тіркеуді жүргізілуін көздейді, ал оның толтырылуын Комитеттің Астана қаласы бойынша Басқармасы ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстанның шетел мекемелерінен алынған сұрау салу пен растау құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Деректер банкіндегі ақпарат мемлекет үшін шетелде қылмыс жасаған және жазасын шетелде өтеп жатқан біздің отандастарымыз туралы мәліметтерге ие болуға мүмкіндік береді, және қажетті жағдайларда мемлекет оларға тиісті құқықтық қорғау көрсете алады.
2009 жылдың 8 тамызындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жөнінде Елбасының қатысуымен өткен кеңес Хаттамасының 6-тармағына сай, Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы турасындағы ЕҚЫҰ-ның сын ескертулерінің егжей-тегжейлі талдауы жіберіліп, негізделген және қазақстан тарапынан мойындалған ескертулерді жою ұсынылды.
ЕҚЫҰ бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ҚР Әділет министрлігімен бірге негізгі ережелерін «Қазақстан Республикасы–Еуропалық одақ» сот төрелігі мен құқықтық тәртіп бойынша кіші комитетінде интерпритациялау арқылы 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты концепциясын презентациялау рәсімі ұйымдастырылды (Астана қ., 23.10.2009).
Бас прокуратура аталған уақыт аралығында шетелдік құзіретті органдардың қылмыстық істердегі құқықтық көмек көрсету туралы 337 өтініш қарастырды. Олардың 324-і ұйымдастыру және орындалу үшін қазақстандық құқық қорғау органдардың орталық аппараттарына жіберілді. 13 өтінішті қанағаттырудан халықаралық құқық мен ұлттық заңнаманы өрескел бұзушылықтары бар болғандықтан бас тартылды.
Қазақстандық қылмыстық ізге түсу органдарынан келіп түскен 380 тергеу тапсырмасын қарау қорытыдылары бойынша, шетел мемлекеттерінің құзіретті органдарына 370 тапсырыс жіберілді, олардың 168-і 2009 жылдың аяғына дейін орындалды.
2009 жылы Департамент қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту және шетелдік соттардың үкімдерін орындау үшін қайтарып беру жөніндегі шетел мемлекеттердің 108 өтініші қарастырылды.
Оларды қарастыру қорытындылары бойынша 81 тұлғаны қайтарып беру туралы шешім қабылданды, заңда қарастырылған негіздермен сәйкес 7 тұлғаны қайтарудан бас тартылды, қалғандары қарастыру сатысында тұр.
Бас прокуратура шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына бағыттаған қайтару жөніндегі 65 өтініштің 40-ы қанағаттандырылды, қалған істер шетелдік шетел әріптестердің қарастыруында.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы қылмыскерлерді транзиттеу туралы шетелдік 37 сұраным қарастырылып, қанағаттандырылды. Шетелдік мемлекеттер Қазақстанға қайтарылған тұлғаларды транзиттеу туралы 2 өтінішті қарастырып, қанағаттандырды.
Шетел мемлкекттерінің сотталған тұлғаларды беру жөніндегі 6 өтініші қарастырылып, қанағаттандырылды. Шетелдік соттардың үкімдерімен тағайындалған жазаны Қазақстан аумағыда өтеу үшін Қазақстан азаматтарын ауыстыру туралы 6 өтініш шетелдік құзіретті органдармен қарастырылып, қанағаттандырылды.
Қазақстан аумағындағы қылмыскерлерді қудалауды жүзеге асыру туралы сұраныммен шетелден келіп түскен 15 қылмыстық істің 12-сі алдын-ала тергеу/анықтау ұйымдастыру мақсатында қазақстандық құқық қорғау органдарына бағытталды; 3 іс қарастыру сатысында.
Бас прокуратура шетелдік мемлекеттерге айыпталушыларды шетелдік мемлекеттердің аумағында қылмыстық қудалауын жүзеге асыру туралы 25 қылмыстық іс бағыттады; жіберілген істердің заңға қайшы болуы негізімен ешбір іс шетелдік әріптестермен қайтару фактілері жоқ.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті




.gif)














