Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2010 жылдың I - жартысындағы халықаралық іс-шаралар хроникасы
Қаңтар
10 қаңтарда Алматы қ-да «Жаңа Құқықтық саясат концепциясы жарығындағы әкімшілік құқықтың ары қарайғы дамуының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел орын алып, оның отырысына ҚР Бас әскери прокуроры Мерзадинов Е.С. қатысты.
12-22 қаңтарда Киев қ-да президенттік сайлау өтіп, оған бақылаушы ретінде ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры Рысқұлов Д. қатысты.
Ақпан
8 ақпанда Алматы қ-да «Қазақстан Республикасы қылмыстық саясатын ырықтандыру перспективалары» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. және ҚР Бас прокуратурасы Институтының директоры Молдабаев С.С. қатысты.
8 – 12 ақпанда Алматы қ-да Қазақстанның бірқатар қалаларында (Астана, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды) жоспарланған тренингтер топтамасының адам саудасына төтеп беру конвенциясы қағидаларын пайдалану жөніндегі алғашқы семинар ұйымдастырылды.
10 ақпанда Женева қ-да Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндамасы ұсынылды.ҚР Бас прокуратурасынан отырыс жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығыКравченко А.И. қатысты.
15-16 ақпанда Астана қ-да «БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясына Факультативті Протокол: Қазақстанда ұлттық алдын-алу механизмдерін заң жүзінде бекіту» Халықаралық конференциясы орын алып, оған ҚР Бас прокуратурасының өкілдері Жақаев Б.С., Сұлтанғазизов К.С. және Абраимов Н.О. қатысты.
24 ақпанда Қырғыз республикасының Алматы қ-на іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесін зерделеу мақсатындағы сапары жүзеге асты.
24 ақпан – 3 наурызда Женева қ-да Қазақстан Республикасының нәсілдік кемсітуді жою жөніндегі периодикалық баяндамасы ұсынылды.ҚР Бас прокуратурасынан іс-шараға Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры Рысқұлов Д. Қатысты.
26-27 ақпанда Астана қ-да «Ювеналдық юстиция: теория және практикада бала құқықтарын қорғау» атты семинар өтіп, оған ҚР Бас прокуратурасының өкілі Ғ.Өмірғали қатысты.
Наурыз
3-4 наурызда Мәскеу қ-на үкіметтік делегация құрамында ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті келісімдік-құқықтық жұмыс басқармасының аға прокуроры Рысқұлов Д. жіберілді.
8-9 наурызда БҰҰ-ның азаптауға қарсы Арнайы баяндаушысы М.Новак мырзаның қатысуымен БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің отырысы орын алды. ҚР Бас прокуратурасы атынан отырыс жұмысына ҚР Бас Прокурорының орынбасары Дауылбаев А.Қ. қатысты.
16 наурызда Астана қ-да ҚР Бас Прокурорының орынбасары Секішев А.А. және профессор Я.Дук басшылығымен ЮНИСЕФ делегациясының кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы ювеналдық әділеттік жүйесін жетілдірудегі ары қарайғы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
18 наурызда Астана қ-да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бочарников М. мырзаның кездесуі өтті.
22 наурызда Варшава қ-да ДИАҚБ «Интернеттегі өшпенділік қоздырған өшпенділік негізіндегі қылмыспен күрес мәселелері» тақырыбындағы эксперттік кеңесу ұйымдастырылып, оның жұмысына ҚР БП Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің прокуроры Туғанбекова Л.А. қатысты.
Сәуір
1 сәуірде Астана қ-да психиатриялық мекемелерді мониторлау нәтижесіндегі баяндаманың ұсынылуы өтіп, оған ҚР БП Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің аға прокуроры Жұмағұлов А. қатысты.
7-10 сәуірдеЧех республикасының Бас прокуроры Р.Весецка ханым бастаған Чех прокуратура органдары делегациясының Астана және Алматы қалаларына іссапары орын алды.
8 сәуірде Астана қ-да делегацияның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. мырзамен кездесуі ұйымдастырылып, оның барысында 2009 жылы Чехияда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Чех республикасы арасындағы өзара ықпалдастық жөніндегі меморандум негізінде екі ел прокуратура органдары арасындағы ары қарайғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
9 сәуірде Астана қ-даАстана және Прага қалалары прокуратуралары арасындағы өзара түсіністік туралы хаттамасына қол қойылды.
11 сәуірде Астана қ-да Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Меркель И.Д. мен ЕМС СМА корпорациясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағындағы жұмысы жөніндегі вице-президенті М. Грэтцтің ЕМС СМА-ның ағымдағы құжат айналымын автоматтандыру, мұрағат және істерді басқару жөніндегі жобасын талқылау мақсатымен кездесуі ұйымдастырылды.
12-19 сәуірде Сальвадор қ-да (Бразилия) БҰҰ XII қылмысқа төтеп беру және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі «Жаһандық проблемаларға жауап берудің комплекстік стратегиялары: қылмысқа төтеп беру және қылмыстық сот төрелігі жүйелері және олардың өзгермелі түрдегі дамуы» тақырыбындағы Конгресі орын алып, оның жұмысына ҚР Бас Прокурорының айрықша тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі Сәрсенбаев Т.Е және ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаменті бөлімінің аға прокуроры Жолболдин Т.Қ. қатысты.
12-13 сәуірде Астана қ-да «ҚР-да әкімшілік әділеттіктің қалыптасуы мәселелері» тақырыбындағы конференция ұйымдастырылып, оның жұмысына Экономика және қаржы департаментіндегі Бас Прокурордың көмекшісі Жұмағұлов М.И. қатысты.
12-15 сәуірде Триест қ-да (Италия) «Әкімшілік басқару және заңның ұлықтылығы» оқыту семинары болып өтті. Семинарға ҚР Бас прокуратурасының Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің аға прокуроры Иманғалиева А. қатысты.
12-13 сәуірде Астана қ-да, 15-16 сәуірде Алматы қ-да «Прокурорлардың сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етуін жетілдіру» атты семинарлар ұйымдастырылып, оларға ЕҚЫҰ Орталығымен бірігіп ҚР Бас прокуратурасы, ҚР БП Институты қызметкерлері және Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Академиясы эксперттері з.ғ.д. В.Н. Исаенко және Г.Д. Белова қатысты.
13 сәуірде ҚР Бас Прокурорының орынбасары Секішев А.А. және РФ Бас прокуратурасы Академиясы Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары В.Н. Исаенконың кездесуі өтті.
13 сәуірде ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Досполов С.Д. және Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Хуанова Г.Т. Еурокомиссия эксперттерімен кездесті.
14 сәуірде Астана қ-даҚР Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. Неміс техникалық ынтымақтастық қоғамының құқықтық жобалар бойынша эксперті профессор Р.Книпер мырзамен кездесті.
18 сәуір –1 мамырда Минск қ-да Адам саудасына төтеп беру жөніндегі халықаралық курс өтіп, оған ҚР Бас прокуратурасы Институтының өкілі Сембин М.М. қатысты.
20-22 сәуірдеМәскеу қ-да ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің төрағасы Ахметжанов М.М. және ҚСжАЕК бөлім бастығының орынбасары Мабиев Е.К. қатысуымен РФ ІІМ БАСО кеңесі ұйымдастырылды.
23-24 сәуірде Астана қ-да «Жемқорлық бағытындағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар орын алып, оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы, ҚР БП Институты, Астана қ-дағы ЕҚЫҰ орталығы қатысты; Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Академиясының өкілі, з.ғ.д., М.А. Любавина баяндамасын ұсынды.
Мамыр
10-11 мамырда Женева қ-да Қазақстан Республикасының Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті орындауы жөніндегі алғашқы баяндамасының қорғауы өтті.Іс-шараға ҚР делегациясы құрамында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департамент бөлімінің бастығы Т. Әлібаев қатысты.
13-14 мамырда в Алматы қ-да Қазақстандағы Германия жылына орай «Азаматтық құқық пәні, әдісі және жүйесі» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.Конференция жұмысына ҚР БП Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы Әбдіқадыров Е.Н. және ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Сейдалина Ж.К. қатысты.
12-13 мамырдаАқтөбе қ-да «Прокурорлардың сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудегі қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
12-13 мамырда ҚР Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. басшылығымен қазақстандық делегацияның София қ-на (Болгария) сапары жүзеге асты. Сапар барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Болгария Республикасы прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
13-14 мамырдаӘзірбайжан Әділет министрлігі өкілдерінің Астана қ-на сапары орын алды. ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастырған кездесуде ҚР БП Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің Кравченко А.И., Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет төрағасы Ахметжанов М.М., Экономика және қаржы департаменті бөлімінің бастығы Сапаров Е.А. кәсіпкерлік, статистика және арнайы есептердегі заң жасау жұмысы саласындағы қадағалаудағы қазақстандық тәжірибемен бөлісті.
17-19 мамырда Варшава қ-да ЕҚЫҰ сот жүйесінің тәуелсіздігі және сот төрелігіне қол жеткізуге рұқсат жөніндегі семинары ұйымдастырылып, оған ҚР Бас Прокурорының орынбасары Секішев А.А. және ҚР БП Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Хуанова Г. Т. қатысты.
20-21 мамырда Санкт-Петербург қ-да Кедендік одақ комисиясы және ЕурАзЭО Мемлекетаралық кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.Коммисия жұмысына ҚР Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Меркель И.Д. қатысты.
20-21 мамырда Мәскеу қ-да РФ Әділет академиясының ұйымдастыруымен «Прокурордың сот алқасы қатысуымен сотқа қатысуы» атты дөңгелек үстелі өтіп, оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің прокуроры Тілеубаев Ғ.Н. және ҚР БП Институтының Сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын прокурорлық қадағалау кафедрасының бастығы Машухова Г.И. қатысты.
21 мамырда Астана қ-да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Мәми Қ.Ә. және Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ризов С.А. кездесуі өтті.
29-30 мамырда Астана қ-да ҚХР делегациясымен Экстрадиция туралы келісім жобасы жөніндегі келіссөздер орын алды. ҚР Бас прокуратурасынан келіссөздерге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің келісімдік-құқықтық жұмысы басқармасының бастығы Нұрахметов А.А. қатысты.
31 мамыр – 7 маусымда Ашхабад қ-да ХМҰ-ның адам саудасына төтеп беру жөніндегі семинары орын алып, оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры Нұрбеков А.А. қатысты.
31 мамыр – 3 маусымда Мәскеу қ-да Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры Пірімбетов А.А. жәнеӘлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департамент бөлімінің прокуроры Райымбаев М.С. қатысуымен Кедендік ұйым бойынша эксперттер отырысы өтті.
Маусым
1-30 маусымдаМәскеу қ-да РФ БП Академиясының басқарушы қызметкерлерін оқыту курстары ұйымдастырылып, оның жұмысына төмендегі қызметкерлер қатысты: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлармен жұмыс және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаменті бөлімінің аға прокуроры Макин А.Қ., Жамбыл облыстық прокуратурасының Рысқұл ауданы прокурорының орынбасары Бүркітбаев С.Қ., Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығының орынбасары Құдайбергенов С.Т., Солтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандарға қатысты заңның қолдануын қадағалау жөніндегі прокурорының аға көмекшісі Банковский В.А., Ақтөбе облыстық прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы Қыдыралин Т.Қ., Алматылық табиғатты қорғау прокурорының орынбасары Қыдырбаев Б.А., Қостанай облыстық кадр қызметі прокурорының аға көмекшісі Үмербаев Е.А., Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Шәкиев Ж.А., Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры Арутюнян Э.А., Шығыс Қазақстан облыстық халықаралық келісімдерді қадағалау жөніндегі прокурорының аға көмекшісі Александров В.А.
1 маусымдаАстана қ-да ҚР Бас прокуратурасы өкілдерінің АҚШ Елшілігінің құқықтық мәселелер жөніндегі АтташесіК. Джоунзбен ҚР БП және АҚШ ФТБ арасындағы өзара көмек туралы меморандумын орындау турасындағы кездесуі өтті. Кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Досполов С.Д., ҚР Бас прокуратурасы Институтының директоры Молдабаев С.С., Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Хуанова Г. Т., Халықаралық ынтымақтастық департаменті экстрадициялау және халықаралық-құқықтық жұмысы басқармасының аға прокуроры Айсина А. қатысты.
3-4 маусымда Қазан қ-да (Ресей) терроризм бағытындағы қылмыстармен күрес туралы халықаралық Конференциясы орын алды. ҚР Бас прокуратурасынан ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жөргенбаев М., Арнайы прокурорлар департаментінің бастығы Әбдіров Н., ҚР Бас Прокурорының айрықша тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі Сәрсенбаев Т.Е., Халықаралық ынтымақтастық департаменті бөлімінің бастығы Ғазизов Р.Р. қатысты.
1-4 маусымда Шымкент қ-да «Азаматтық процестегі дәлел және дәлелдеу» атты семинар ұйымдастырылып, оған ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі Сейдалина Ж.К., ҚР БП Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің бастығы Баратбеков Т.К. қатысты.
8-9 маусымдаҚостанай қ-да ««Прокурорлардың сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудегі қызметін жетілдіру» атты кезекті семинар орын алды.
10 маусымда Атырау қ-да «Халықаралық экологиялық қауіпсіздік: тәжірибе және инновациялар» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда ҚР Бас прокуратурасы Институтының директоры Молдабаев С.С., Санкт-Петербург университетінің профессоры Тангиев Б.Б., «Экология және қауіпсіз тіршілік әрекеті» халықаралық экология академиясының академигі Чердабаев М.Т., Еуразия ұлттық университетінің доценті Рысбекова Ж.К., және басқа да ғалымдар мен жергілікті өкілетті органдардың жетекшілері баяндамаларын ұсынды.
10-11 маусымдаКопенгаген қ-да (Дания) Копенгаген құжатының 20-жылдығына арналған Конференция ұйымдастырылды. ҚР Бас прокуратурасынан конференцияға ҚР БП Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы Кравченко А.И. қатысты.
16-18 маусымда Мәскеу қ-да БПКК қызметтік тобының кеңесуі орын алып, оның жұмысына ҚР Бас Прокурорыныың айрықша тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісіТ. Е. Сәрсенбаев қатысты.
18 маусымда Брюссель қ-да ҚР-ЕО ынтымақтастығы комитетінің отырысы орын алып, оның жұмысына ҚР Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Меркель И.Д. қатысты.
17-18 маусымда Душанбе қ-да ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұйымдастырған Орталық Азиядағы қылмыстық әділет жөніндегі IIIсараптама форумы орын алды.
Форумға аймақ ішіндегі және оның шеңберінен тыс жердегі қылмыстық әділетті реформалау саласындағы жаңалықтар мен тенденцияларды талқылау үшін 100 шақты Орта Азиялық бес елдің заң шығарушы, заңгер ғалымдар және практиктері қатысты.
ҚР Бас прокуратурасынан ҚР БП Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті бөлімінің бастығы Аяғанова А.К., Алматы қаласы прокуратурасының Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Сейдуалиев Т.Н., Қарағанды облысы прокуратурасының Сот актілері және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етудің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасы бөлімінің аға прокуроры Күлкеев Е.У. қатысты.
23 маусымда ҚР Бас прокуратурасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Секішев А.А. және Қытай құқықтық қоғамының (ҚҚҚ) Сыртқы істер департаменті директоры Гу Жаомин мырзаның басшылығымен ҚҚҚ делегациясының кездесуі өтті.
Бас прокуратурадан кездесуге Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Досполов С.Д., Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменттің бастығы Исаев Н.М., Бас Прокурордың айрықша тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі Сәрсенбаев Т.Е. қатысты.
Кездесу барысында тәжірибе алмасу саласындағы ары қарайғы ынтымақтастық мәселесі талқыланып, тараптар ҚР Бас прокуратурасының Қазақстандағы және ҚҚҚ-ның Қытайдағы ролі және қызметі турасында ақпарат алмасты. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Қытай құқықтық қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
23 маусымда ҚР Бас прокуратурасының Институтында Қазақстанның құқық қорғау органдарының қатысуымен ақша жылыстатуға қатысты қылмысты анықтау, тергеу және сотта қарастыру жөніндегі семинарды өткізу барысында БҰҰ Басқармасының сарапшылары және АҚШ Елшілігі өкілдерінің кездесуі орын алды
17-18 маусымда Алматы қ-да «Адам құқықтары және азаптауды қақпайлау саласындағы БҰҰ стандарттары» атты семинары орын алып, оның жұмысына Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Жақаев Б.С. қатысты.
17-18 маусымда Минск қ-да ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры Рысқұлов Д. қатысуымен Жемқорлықпен күрес жөніндегі ТМД келісімі жобасын жөндеуге арналған эксперттік топтың отырысы орын алды.
17-18 маусымда Мәскеу қ-да БПКК қызметтік тобының кеңесі өтіп, оған ҚР Бас прокуратурасынан ҚР Бас Прокурорының айрықша тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі Сәрсенбаев Т.Е. қатысты.
23-28 маусымда Ашхабад қ-да «Сот оқыту орталықтары: соттарды дайындаудағы алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, ҚР Бас прокуратурасынан оның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Институтының директоры Молдабаев С.С. қатысты.
25-26 маусымда ҚР Бас прокуратурасында «Қазіргі таңдағы ұйымдасқан қылмыспен күрес: проблемалар және оларды шешу жолдары, ұйымдасқан қылмысқа төтеп берудегі шараларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Орталық аппараттың прокурорларымен қатар, конференцияға Қазақстанның жергілікті прокуратура органдары өкілдері және Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры мен Ресей Федерациясы прокуратурасының Тергеу комитеті сарапшылары қатысты
25 маусымда ҚР Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Меркель И.Д. және Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының өкілдері Андреа Йост және Өзлем Саваш ханымның кездесуі ұйымдастырылып, оның барысында ҚР прокурорларына арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастырудағы ары қарайғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қор өкілдері Қазақстанға 25-26 маусымда ҚР Бас прокуратурасы ұйымдастырған «Қазіргі таңдағы ұйымдасқан қылмыспен күрес: проблемалар және оларды шешу жолдары, ұйымдасқан қылмысқа төтеп берудегі шараларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға келген болатын.
26 маусымда ҚР Бас прокуратурасында ҚР Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Меркель И,Д, және Евроюст өкілі, Нидерланд соты Анна Мария Смитт ханымның кездесуі өтті. Сұхбат барысында ары қарайғы ықпалдастық перспективалары және ҚР Бас прокуратурасы және Евроюст арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндігі талқыланды.




.gif)














