(Алматы қаласы, 2010 жылдың 20 тамызы)
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысының Жарлығының ережелерін жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиналыс өтікізілді.
Жиналыс жұмысына Алматы қаласы және Алматы облысының құқық қорғау, бақылау-қадағалау, атқару органдарының және соттардың, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қатысты.
Өз сөзінде Бас Прокурор алдағы жаңартудың қазіргі уақыт талабына сай екенін атап көрсетіп, қабылданған Жарлықтың мазмұны уәкілетті органдардың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге, оларға тән емес функцияларды алып тастауға және олардың құзіретін неғұрлым нақты бөлуге, қызметкерлердің штат санын оңтайландыруға, қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға бағытталғанына басты назар аударды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін болдырмау және бақылау-қадағалау функциялары бар мемлекеттік органдарды одан әрі қысқарту түрінде бизнеске қысым жасауды азайту шаралары қарастырылған.
Құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйіне, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарды сауықтыру және оңалту бойынша атқарушы билік органдарының жауапкершілігі едәуір арттырылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және соттардың жауапкершілігі айтарлықтай арттырылады. Олардың қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасауы жаза тағайындауда жазалауды ауырлататын жағдай ретінде қабылданатын болады.
Басталған реформаның басым бағыты қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мақсатында кейбір қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту болып табылады. Қазіргі уақытта ондаған қылмыс құрамының әкімшілік өндіріс саласына ауыстырылатын заң жобасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Тұтастай алғанда реформада жоспарланған іс-шаралар құқық қорғау органдарының неғұрлым тиімді ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымын жасап, құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғауға септігін тигізетін болады.
Жиналыс барысында Алматы қаласы және Алматы облысындағы заңдылықтың және құқық тәртібінің жай-күйі қарастырылды. Қатысушылар құқық қорғау органдарының қызметіндегі жекелеген кемшіліктерді атап көрсетті. Атап айтқанда, қоғамдық орындардағы ауыр қылмыстардың жасалу деректерінің жиі орын алуы, ұйымдасқан қылмыспен күрестегі шаралардың жеткіліксіздігі, алдын алу шараларының тиімділігінің аздығы, тергеу және жедел-іздестіру қызметі сапасының төмендеуі, қоғаммен тығыз байланыстың болмауына назар аударылды.
Бас Прокурор құқық қорғау органдарының басшыларынан атқарушы органдармен бірге Жарлықтың тиісінше жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, профилактикалық жұмыстың деңгейін және ұйымдасқан қылмыспен күрестің нәтижелілігін көтеруді, азаматтардың, әсіресе, бас бостандығынан айыру мекемелерінде ұсталып отырған адамдардың конституциялық құқықтарының бұзылуының әрбір дерегі бойынша жедел ықпал ету шараларын қабылдауды, қоғамдық институттармен іс-қимыл жасасуға және азаматтармен кездесуге ерекше назар аударуды талап етті.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар қарастырылған мәселелердің өзектілігін және құқық қорғау органдарының қызметіндегі орын алыған кемшіліктерді дереу жою қажеттілігін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі
Тел-факс: 71-27-26. Web-сайт: www.proкuror.kz. Эл. адрес: Akparat@prokuror.kz




.gif)














