Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2004 жылғы 30 маусымдағы
№ 479оа бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына резервке енгізу және жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді іріктеу
ЕРЕЖЕСІ

(Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 27 мамырдағы № 430оа
және 2009 жылғы 6 қаңтардағы №5оа бұйрықтарымен енгізілген
өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге)


I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына резервке қою және қызметке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Кандидаттарды іріктеу прокуратура органдары басшыларының және кадр қызметтерінің аса маңызды міндеті болып табылады, жалпы прокуратура органдары қызметінің тиімділігі оның сапалы шешілуіне байланысты болады.
2. Резервке қою үшін кандидаттарды іріктеуді облыстар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Бас әскери прокуратураның, Комитеттің аумақтық органдарының, Бас прокуратураның С. Есқараев атындағы институтының кадр қызметтері жүргізеді.
3. Кадр резервіне қойылған, сондай-ақ қызметке қабылданған тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
- ерекше талап – Қазақстан Республикасы азаматтығының, ҰҚК органдары арнайы тексеруінің оң нәтижелерінің, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында қарастырылған шектеулерді қабылдауға дайындығының болуы;
- прокуратура қызметкері кәсібі бойынша жұмыс істеуге ниетінің болуы;
- жоғары заң білімі – қажетті мамандығының болуы;
- тиісті біліктілігінің – «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көзделген прокурорлық қадағалау бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану жөнінде базалық дағдылардың және қажетті іскерлік және моральдық-адамгершілік қасиеттерінің болуы. Резервке қою үшін кандидаттардың біліктілігін Кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия өткізілген тестілеудің, тағыламдаманың және әңгімелесудің нәтижелері бойынша белгілейді. Аттестаттау комиссиясы прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін жұмысқа қабылданғаннан бір жыл өткеннен кейін бірінші рет және кейіннен 3 жылда бір рет белгілеп отырады.
Нақты қызметке тағайындалған прокуратура қызметкері прокурорлық қадағалаудың кез келген бағыттарын игеруге тиіс және қызметті өткеру барысында прокурорлық жұмыстың басқа да бағыттар ауыстырылуы мүмкін.
- денсаулық жағдайы – Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындыларына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет етуге жарамды болуы.
Бұрын сотталған және қылмыстық жауаптылықтан ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған адамдар прокуратура органдарына резервке қойылмайды және қызметке қабылданбайды.
4. Уәкілетті органдар басшыларының бұйрықтарымен құрылған, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына резервке қою және қызметке қабылдау үшін кандидаттарды тиесілі іріктеуді қамтамасыз етуге арналған комиссиялар кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссиялар болып табылады.
5. Компьютерлік тестілеуді, алдын ала тағылымдаманы, әңгімелесуді, ҰҚК органдарының арнайы тексерулерін табысты өткен, денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамды деп комиссия оларды кадрлық резервке қою туралы шешім қабылдаған кандидаттар прокуратура органдарына қызметке қабылдау үшін резервшілер болып табылады.
6. Кандидаттарды іріктеу процесі мынадай сатылардан тұрады:
- құжаттарды жинау, тексеру әрекеттерін жүргізу және жеке істерді қалыптастыру;
- компьютерлік тестілеуді өткізу;
- алдын ала тағылымдамадан өту;
- резервке қою туралы мәселені Комиссияның қарауы;
- кандидатты резервке қою туралы бұйрықты шығару;
- резервшіні қызметке қабылдау туралы бұйрықты шығару.
7. Мыналар:
- кандидаттың жазбаша арызы;
- аудандық (қалалық) арнайы прокурорлардың ұсынымдары (бұдан әрі – ұсынымдар);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының немесе Комитеттің жолдамасы (бұдан әрі – жолдама) кандидаттарды іріктеу процесін бастау үшін негіздеме болып табылады.
8. Прокуратура органдарының кандидаттарды іріктеу жөніндегі қызметі жария және ашық түрде жүзеге асырылады.

II. Жеке істерді қалыптастыру

9. Кадр резервіне кандидаттардың жеке істерін қалыптастыру мынадай құжаттарды:
- резервке қосу үшін негіздеме болған құжаттарды (арыз, жолдама және т.с.с.);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- жоғары арнайы білімі туралы дипломның және оған қосымшаның нотариалдық куәландырылған көшірмелерін (түпнұсқасын кандидат жеке ұсынады);
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын;
- өмірбаянын;
- прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамдылығы туралы Әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасын;
- кандидаттың жеке басын сипаттайтын материалдарды (мінездеме, сын пікір және т.б.);
- арнайы тексерулер материалдарын (сотталғандығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, декларацияны тапсыруы және т.с.с. туралы мәліметтер) жинауды және топтастыруды қамтиды.
Ары қарай тестілеу нәтижелері мен алдын ала тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қалалық (аудандық) прокурордың анықтама-қорытындысы жеке іске тіркеледі.

III. Тестілеуді өткізу тәртібі

10. Тестілеуді өткізудің мақсаты кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Прокуратура туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің нормаларын білуін тексеру болып табылады.
11. Компьютерлік тестілеуді облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың бұйрығымен құрылатын Прокуратура органдарына резервке қою және жұмысқа қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өткізеді.
Тестілеу арнайы әзірленген, заңнаманың өзгеруне қарай кезең-кезең сайын жаңартылатын сұрақтар бойынша «SunRav TestОfficеPro» бағдарламасының негізінде жүргізіледі (1-қосымша).
12. Комиссия құрамы кемінде 5 адамнан тұруға және тақ болуға тиіс, оған кадр қызметінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіруге тиіс.
13. Тестілеу өткізілетін күні және орны туралы кандидаттарға тестілеу басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын хабарланады.
14. Тестілеуге дәлелді себептермен келмеген адамдар үшін тестілеу комиссияның шешімімен басқа уақытқа ауыстырылады.
15. Аумақтық прокуратура органдарының, Комитеттің және Бас әскери прокуратураның лауазымдарына орналастыруға кандидаттарды тестілеу тиісті облыстық прокуратуралардың және Комитеттің базасында өткізіледі.
16. Тест тапсырушының таңдауы бойынша тестілеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
17. Тест тапсырушы компьютерлік бағдарлама арқылы әрбір тест үшін белгіленген кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен базалық 250 сұрақтың ішінен тест тапсырушы үшін іріктелетін 120 сұраққа немесе 60 сұраққа тиісінше 1 сағат 30 минут немесе 45 минут ішінде жауап беруге тиіс. Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі.
18. Компьютерлік тестілеу кезінде тиісінше 72 және 36 балдан (дұрыс жауаптардың 60%-ы) жоғары жинаған кандидаттар тестілеуді өткен болып есептіледі.
19. Тестілеу нәтижелері талқыланғаннан кейін кандидатпен әңгімелесу жүргізіледі, оның мақсаты кандидаттың іскерлік және жеке тұлғалық қасиеттерін білу. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді. Компьютерлік тестілеудің нәтижелері тестілеу парағына енгізіледі.
Хаттамаға төраға, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы, тестілеу парағына – комиссия хатшысы және тест тапсырушы кандидат қол қояды.
20. Тестілеу парағы хаттамамен бірге кандидаттың жеке ісінде сақталады.
21. Тестілеу материалдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және аумақтық, облыстық прокуратуралардың кадр бөлімшелерінде 3 жыл ішінде сақталады.

IV. Алдын ала тағылымдамадан өту тәртібі

22. Тестілеуді, арнайы тексеруді табысты өткен және денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамды адамдар резервке қойылғанға дейін үлгі жоспарға сәйкес (2-қосымша) алдын ала тағылымдамадан өтеді, оның мақсаты кандидаттың моральдық-іскерлік қасиеттерін және кәсіби жарамдылығын терең зерттеу. Алдын ала тағылымдама аудандық (қалалық) прокуратураларда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларында, Бас әскери прокуратурада бір ай мерзімінде өткізіледі.
22.1. Жұмысқа қабылдау кезінде алдын ала тағылымдамадан өтуден төменде көрсетілген тұлғалар босатылады:
- бұрын прокуратура органдарында жұмыс істеген, сыныптық шендері бар адамдар;
- прокуратура органдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер;
- жедел-тергеу қызметінде кемінде бір жыл жұмыс істеген құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
- прокуратура органдарында жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істеуге ресімделген және қызметтік құжаттармен екі жылдан астам уақыт жұмыс істейтін адамдар;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының С. Есқараев атындағы институтына жұмысқа қабылдау кезінде заң мамандығы бойынша кемінде үш жыл оқытушылық жұмыс өтілі бар адамдар.
23. Кандидатты резервке енгізу үшін алдын ала тағылымдамадан өткізу кезінде аудандық (қалалық) прокуратуралардың, Комитеттің және Бас әскери прокуратураның аумақтық органдарының басшылары ішкі қауіпсіздік қызметінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасап, қажет болған кезде қосымша құжаттарды (мінездемелерді, анықтамаларды және т.б.) сұрата отырып, оның жеке басын, моральдық-адамгершілік және іскерлік қасиеттерін мұқият зерттеуге міндетті.
24. Алдын ала тағылымдамадан кейін аудандық (қалалық) прокурорлар, Комитеттің, Бас әскери прокуратураның аумақтық органдарының бастықтары одан өту нәтижелері туралы анықтама-қорытындыны жасайды, онда тағылымдамадан өтушінің моральдық-адамгершілік және іскерлік қасиеттері, оның еңбек және орындаушылық тәртіпке қатынасы және тағылымдамадан өтушіні кадр резервіне қою мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы негіздеме беретін жеке тұлғаны сипаттайтын басқа да мәліметтер көрсетілуге тиіс.
25. Аудандық (қалалық) прокурорлар, Комитеттің, Бас әскери прокуратураның аумақтық органдарының бастықтары олар шығарған тиісті қорытындылардың дұрыстығы, объективтілігі және негізділігі үшін жеке жауапкершілікті көтереді.

V. Қорытынды ережелер

26. Тестілеуді, әңгімелесуді және алдын ала тағылымдаманы табысты өткен адам, оны комиссия отырысында қарап, тиісті хаттамамен, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, Комитет төрағасының, Бас әскери прокурордың бұйрығымен ресімделген резервке қою туралы мәселені оң шешкеннен кейін, кадрларды қалыптастыру кезервіне қойылып, прокуратура, Комитет және Бас әскери прокуратура органдарына бос лауазымға қабылдау үшін үміткер болып табылады.
27. Бос орын болған кезде кадр қызметтері уәкілетті орган басшысының қарауына қызметке қабылдау туралы бұйрықты шығару үшін резервшінің кандидатурасын ұсынады.
Прокуратура органдарына қызметке қабылдау қатаң түрде қолдағы резервшілер тізімінен кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызметке қабылдау туралы бұйрық шығарылғанға дейін, оған қатысты осындай шешім қабылданған адам оны прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы арыз беріп, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген шектеулер туралы міндеттемелерді қабылдауға тиіс.
Орналастыру туралы шешімді қабылдау кезінде осы Ереженің 28-тармағында көзделген артықшылықтар ескерілуге тиіс.
28. Қызметке қабылдау туралы мәселені шешу кезінде қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған прокуратура органдары қызметкерлерінің балаларына, прокуратура органдарында және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарда заң мамандығы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмыс өтілі бар адамдарға артықшылық беріледі.
29. Кандидаттар мынадай негіздердің біреуі бойынша:
1) жұмысқа тұрудан жазбаша түрде бас тартса;
2) 7 күн ішінде дәлелді себепсіз кадр қызметінің шақыруы бойынша жұмысқа жолдама алу үшін келмегенде;
3) кандидат Республиканың аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткенде;
4) кандидатты кадр резервіне қою туралы шешімді қабылдау кезінде белгісіз болған немесе сол кезде болмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес прокуратура органдарында қызмет етуін (мемлекеттік қызметте болуын) шектейтін қосымша мәліметтер анықталғанда;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын немесе қылмыс жасағанда резервтен шығарылуға жатады.
1) - 3) тармақшаларға сәйкес резервтен шығарылған кандидаттар олардың қалауы бойынша осы Ережеде белгіленген жалпы негіздер бойынша резервке қайта қойылуы мүмкін.
30. Резервтен шығарылуы туралы кандидатқа оның негіздемелері көрсетіліп хабарланады.
31. Облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, Комитет төрағасы және Бас әскери прокурор кадрларды қалыптастыру және жұмысқа қабылдау жөнінде осы Ережеге сәйкес жеке жауапкершілік көтереді және Кадр қызметі және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментіне тоқсан сайын белгіленген нысан бойынша есеп береді.

_______________________________________



Артқа