5.1-1.
Мемлекеттік тілді насихаттау және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізу
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың басты шарттары Қазақстан
Республикасы Конституциясының, тілдер туралы заңнамасының сақталуы жөніндегі
дәйекті шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік тілді республиканың барлық
азаматтарының еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және
техникалық жағдай жасау болып табылады.
Ол үшін сапалы жаңа оқу бағдарламалары, оқу және әдістемелік, оның ішінде
электрондық жеткізгіштерде де құралдар жасалуға тиіс. Арнайы компьютерлік
бағдарламаларды жасау кезінде инновациялық технологияларды пайдалануға ерекше
көңіл бөлгені жөн.
Барлық өңірлерде, бірінші кезекте ауылдық жерлерде қазақ тілінде тәрбие беретін
және оқытатын мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын, республиканың оқу
орындарындағы қазақ тілі сағаттарының санын жоспарлы түрде ұлғайтуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің және
кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері басқа санаттарының
мемлекеттік тілді кеңінен оқуы жөнінде шаралар қолдану қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының оңтайлы тілдік орта қалыптастыру, халықтың түрлі
тобына арналған әр алуан көкейкесті теле және радиобағдарламалар шығару арқылы
көркемдік талғамын тәрбиелеу жөніндегі рөлін арттыру қажет.
Лингвистика мамандарын тарта отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының
мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, қазақ терминологиялық лексикасын
біріздендіруді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырған жөн.
Мемлекеттік тілді насихаттау мен енгізу жалпы тілдік ахуалға жасалған нақты әрі
ғылыми талдаусыз табысты бола алмайды. Әлеуметтанушылық және әлеуметтік
лингвистикалық мониторинг тілдік процестердің жүру қарқынын және демографиялық,
әлеуметтік, этникалық өлшем бойынша оның өңірлік саралануын көрсететін тіл
саясатындағы тұрақты түзетулерді қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жөніндегі бағдарламаны табысты іске асыру
үшін тіл саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру
жөніндегі шараларды қолдану қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық ынтымақтастық іс-тәжірибесінде
халықаралық шарттарды дайындау және жасасу кезінде мемлекеттік тілді пайдалану
міндетті талап болуға тиіс. Ресми іс-шараларды мемлекеттік тілде жүргізу, бұл
ретте басқа тілдерге сапалы ілеспе аударманы қамтамасыз ету қажет.
Нормативтік-құқықтық актілер, лауазымды тұлғалардың сөйлейтін сөздері, қызмет
бабында пайдалануға арналған құжаттар ең алдымен мемлекеттік тілде дайындалуға
тиіс.
Мемлекеттік тіл бірқатар мемлекеттік басқару органдарында қолданылмайды немесе
мардымсыз қолданылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар іс жүргізуді,
есептік-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы 2010 жылға дейін
мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмысты Қазақстан
Республикасы Конституциясының 7-бабының 2-тармағындағы қағиданы сақтай отырып
жүргізуі қажет:
2006 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды
облыстарының және Алматы қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
2007 жылы -Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан
Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
агенттігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі,
Алматы, Павлодар облыстарының және Астана қаласының жергілікті өкілді және
атқарушы органдары;
2008 жылы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының
жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
2009 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан
Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Алматы
қаласының өңірлік қаржылық орталығы қызметін реттеу агенттігі.
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi тетiгi Тiлдердi қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
Iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар
жоспары) көзделген Iс-шаралар жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып
табылады. Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi орган
Бағдарламада қойылған мiндеттердi iске асыру нәтижесiнде бұдан алдыңғы кезеңде
болған өзгерiстердi ескере отырып, әрбiр келесi екi жыл сайын жасайды. Мұндай
жоспарлау Бағдарлама ережелерiнде айқындалған ұзақ мерзiмдi стратегиялық
перспективаларды міндеттi түрде ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс. Мұның
алдындағы Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
тәжiрибесi орындалуы қысқа мерзімге есептелген іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру
- шешiмi ағымдағы перспективада айқындалған мiндеттердi жүзеге асыруға орай
әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдағы өзгерiстерге неғұрлым икемдi оңтайласуға
мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Осындай ұзақ мерзiмдi перспективаны ескере
отырып жасалған ағымдық жоспарлау барынша нақтылығымен және нәтижелерiнiң
шынайылығымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге, бұл Тiкелей орындаушылардың
жауапкершiлiгi мен Бағдарламада көзделген iс-шараларды іске асыруға бақылауды
қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн арттыруға жәрдемдеседi.
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру оның қолданылуының аумақтық
және әлеуметтiк тынысын кеңейтетiн аймақтық және салалық бағдарламалар елеулi
рөл атқаруға тиiс.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру оны іс жүзiнде жүзеге асыру үшiн неғұрлым
тиiмдi әрi нақты мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi іс-шараларды тиiмдi жүзеге асыру мынадай
негiзгi принциптердi сақтау негiзiнде ғана мүмкiн болады:
сандық және сапалық деңгейдi тұрақты өсiрудi (жинақтауды) қамтамасыз етудi
көздейтiн кезеңдiк және ұдайылық;
орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттiк қолдау;
тiлді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн
оқып-үйрену үшiн мүмкiндiктер жасаумен ұштастыру;
моральдық және материалдық мүдделiлiк жағдайын жасау;
қоғамдық пiкiрдi белсендi түрде қалыптастыру;
тiл құрылысын жүзеге асыру кезiнде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдiктi
сақтау;
Тiлдердi дамыту бағдарламасындағы iс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.
6. Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қаражат жыл сайын республикалық бюджетте
көзделедi. Аймақтық және салалық бағдарламалар жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен
және тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға республикалық бюджеттен көзделген
қаражат шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен
тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан
күтiлетiн нәтиже
Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру Қазақстан
аумағында пайдаланылатын тiлдердiң қажеттi функционалдық арақатынасының
жетiстiгiмен айқындалатын, елде оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк
құруды көздейдi. Бұл мыналар:
қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн нақты iске асыру, оның заң жүзiнде
бекiтiлген әлеуметтiк функцияларын күллi республика аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру;
орыс тiлiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген негiзгi
функцияларын толық көлемде сақтау: ол мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарында ресми пайдаланылатын тiл болып қалады, оның бiлiм
беру, ғылым, мәдениет және басқа да қоғамдық мәні бар салаларда қолданылуы
қамтамасыз етіледі;
Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір
азаматтың ана тілінде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдап алуға конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасау. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінің қолданылу аясын
одан әрі кеңейту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарында іс жүргізуді
мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіруді жүзеге асыру.




.gif)














