Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының

қадағалау алқасына

 

Қадағалау тәртібімен

Н А Р А З Ы Л Ы Қ

 

            Алматы облыстық сотының 8 тамыз 2008 жылғы үкімімен Куралбаев Асхат Совхозбекович, 08.06.1987 жылы туған, Мынбаев Уалихан Кожаханович, 11.10.1983 жылы туған, қазақ, орта білімді, екеуіде Алматы облысы Іргелі ауылында тұрған, бұрын сотталмаған, ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж,з» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп 18 жылға бас бостандығынан айыруға, 179 бабының 2 бөлігінің «а,г» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп 8 жылға бас бостандығынан айыруға, 175 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігінің негізінде түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 22 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаларын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.

            Осы үкіммен Д.Тыныштықбаева және А.Сагымбекова сотталған, олар жөнінде іс апелляциялық алқада қаралмаған және қадағалау тәртібімен наразылық келтірілмейді.

Сот үкімімен А.Куралбаев және У.Мынбаев, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қару ретінде пышақ қолданып, қарақшылықпен ұштастырып, екі адамды, яғни жәбірленуші А.Керимкулов пен А.Оразымбетовті қасақана өлтіріп, олардың мүлкін жасырын ұрлағандары үшін кінәлі деп танылған. 

Сотталғандардың  қылмыстық әрекеттері бірінші сатылы сотпен дұрыс дәрежеленбей, оларға ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігімен тағайындалған жазаның мөлшері қылмыстардың ауырлығына сай келмейтіндігіне байланысты прокуратура тарапынан апелляциялық наразылық келтірілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 14 қазан 2008 жылғы қаулысымен үкім өзгертіліп, А.Куралбаев және У.Мынбаевтың әрекеттері ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің «а,г» тармақтарынан 175 бабының 2 бөлігінің «а» тармағына қайта дәрежеленіп, осы бап бойынша әрқайсысына 2 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, айыптарынан ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «з» тармағы алынып, ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж» тармақтарымен сотталғандарға тағайындалған жазаның мөлшері 18 жылдан 20 жылға дейін көбейтіліп, ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігінің негізінде қылмыстардың ішінара жиынтығымен түпкілікті 21 жыл 6 айға әрқайсысы бас бостандығынан айырылып, үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Алайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы еш себепсіз, өз ынтасымен 18 наурызы 2009 жылы қосымша қаулы қабылдап, 14 қазан 2008 жылы қабылданған қаулыны өзгертіп, қаулының қорытынды бөлігіндегі А.Куралбаев және У.Мынбаевты ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж» тармақтарымен 18 жылға бас бостандығынан айыруға деп санау үшін түсініктеме берген. 

Аталған қосымша қаулы бойынша ҚР ҚІЖК-нің 459 бабының 1 бөлігінің 4 тармағының талабы дұрыс қолданылмай сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғандардың жеке басына сәйкес келмеуіне әкеп соғуы негіз болып табылғандықтан төмендегі себептерге байланысты бұзылуға жатады.

Атап айтқанда, өзгеріс енгізілген қосымша қаулы бойынша А.Куралбаев және У.Мынбаевқа ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж» тармақтарымен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен тағайындалған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы мен ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігінің негізінде қылмыстардың ішінара қосылу жиынтығымен тағайындаған түпкілікті жаза 21 жыл 6 ай мерзімі өзгеріссіз қалдырылған.

Осы қосымша қаулыдағы енгізілген өзгерістер бойынша сотталғандарға ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж» тармақтарымен тағайындалған 18 жыл мен ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен тағайындалған 2 жылды, ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігінің талабына сай  ішінара қосу жиынтығымен тағайындаған жағдайда түпкілікті жаза мөлшері 19 жыл 6 айдан аспауы тиіс еді, сондықтан сотталғандарға ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «а,ж» тармағымен тағайындалған 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, күшінде қалдырылған қылмыстардың ішінара қосылу жиынтығымен тағайындаған түпкілікті жаза 21 жыл 6 айға тура келмейді.   

Аталған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 18 наурыз 2009 жылы қосымша қаулысы негізсіз қабылданған.

Жоғарғы көрсетілгендердің негізінде, ҚР ҚІЖК-нің 458, 459, 460 бабының 2 бөлігінің 1 тармағын басшылыққа алып,                               

 

С Ұ Р А Й М Ы Н:

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 18 наурыз 2009 жылғы сотталғандар Куралбаев Асхат Совхозбекович және Мынбаев Уалихан Кожахановичке қатысты қосымша қаулысын бұзып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 14 қазан 2008 жылғы қаулысын күшінде қалдыруды.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                 

 

13.07.2009 ж.                                                                            

 

 

 

 

 

 

 


Артқа