Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева -
Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурастурасы ҚСжАЕК Төрағасының блогы







Жаңалықтар таралымына жазылу

Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру Институты Бас прокуратураның оқу орталығы базасында 1992 жылы құрылды.

1997 жылы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру Институты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру және заңдылық құқық тәртібін зерттеу Институты болып қайта құрылды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Институт Қазақстан Республикасы Бас прокуроры жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу Институты болып қайта құрылды.

Институттың құрамында 5 салааралық және мамандандырылған бөлімдер бар, олар прокурорлық қадағалаудың әртүрлі бағыттарында  тәжірибе жинақтаған білікті прокуратура органдарының қызметкерлерімен және заңгер ғалымдармен жасақталған.

Қазіргі кезде Институтты аға әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Сәрсембайұлы Молдабаев басқарады.  

Артқа